Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

0

Қазақстан республикасы  ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мазмұны

 

  Бет  
1 Кіріспе 8  
2 Зерттеу бағдарламасы бойынша әдебиеттерге шолу 10  
3 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы    
4 Картоп дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Зерттеулердің заманауи жағдайлары

12  
  Зерттеу жағдайлары, нысандары және әдістері 19  
  Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайы 28  
  Зерттеу нысаны 28  
  Зерттеу әдістері 33  
  Зерттеу нәтижелері 33  
  Экономикалық тиімділігі 50
  Еңбек қорғау 54
  ҚОРЫТЫНДЫ 59
  ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
  ҚОСЫМШАЛАР 62

 

 

 

Кіріспе

Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].

Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.

Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады.  Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].

Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.

Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру,  отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.

Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

 

Әдебиетке шолу

 

1.1 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі.  Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш – 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.

Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы  жақсы белгілі. Оның түйнегінде адамның қорегіне қажетті көмірсулар, сонымен қатар ақуыздар мен басқа да заттар көп мөлшерде кездеседі. Қорек ретінде картоп тағамға вегетативтік органы қолданылатын өсімдіктердің арасында бірінші орында.

Картоп ақуызы толық өсімдік ақуызына жатады. Оның сіңімділігі өте жоғары. Түйнектерінде салыстырмалы түрде ақуыз аз болғанымен, 1 га картоп егісі сіңімді ақуызды 1 га жүгері, малазықтық қызылша, арпа немесе сұлыға қарағанда көп береді. Бұл жағынан картоп дақылы бұршақ тұқымдастардан кейінгі орында.

Картоп спирт, крахмал және басқа өнімдер, тіпті арнайы лактар және жасанды жібек, әтір, дәріханалық заттар өндірісіне де жақсы шикізат болып табылады. Негізінен картоп крахмал өндірісінде кең қолданылады, өйткені оның құрамындағы ақуыз крахмалдан,  күріш, бидай немесе басқа да дақылдарға қарағанда оңай бөлінеді [3].