Домой Жаңалықтар Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаевтің Дубайдағы мүлкі әшкере болды

Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаевтің Дубайдағы мүлкі әшкере болды

0
1760

Жақында қазақстандықтардың Дубайда құны миллиард долларға бағаланған жылжымайтын мүлкі бар екені анықталды деп хабарлайды kaz.orda.kz

ЕО салық обсерваториясының есебіне сәйкес, 1550 қазақстандықтың Дубайда жалпы құны 1,018 млрд доллар болатын 2694 мүлкі бар. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік бірлігінің иелері туралы мәліметтерге талдау жасады. Осылайша, оффшорлық жылжымайтын мүліктің үлесі үлкен болып шықты: кем дегенде 146 млрд долларды шетелдіктер нарыққа шел-компаниялар арқылы инвестициялады. Бұл Лондондағыдан екі есе көп.

OCCRP Дубайдағы ең қымбат жылжымайтын мүлік қай қазақстандыққа тиесілі деген сұраққа жауап берді.

Әзірге олардың бірнешеуі ғана белгілі:

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев
  • Бұрынғы премьер-министр және ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов (қазір тұтқында)
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев.
Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары бола тұрып, Дубайдан резиденция сатып алған. Ол бұл қызметті 2014-2016 жылдар аралығында атқарған. Сол жылдары ол Дубайдың әртүрлі сәнді аймақтарында төрт резиденцияға ие болған. Әлиевтің екі пентхаусы Парсы шығанағы жағалауындағы Jumeirah Beach Residence шағын ауданында орналасқан. Тағы екі резиденция Дубайдағы элиталық Маринада орналасқан.

Кәрім Мәсімовтің Дубайдағы Executive Towers кешенінде пәтерлері бар. Бұл 12 мұнарадан тұратын кешен, оның 10-ы тұрғын үй. Кәрім Мәсімовтің тағы бір пәтері International City Dubai-де орналасқан.

Тимур Құлыбаев Дубайдағы ең қымбат орындардың бірінде: Пальма-Джумейрада пәтерлерге иелік етеді, мұнда жылжымайтын мүлік құны қазір 20 млн долларға жетеді.

ЕО салық обсерваториясының есебіне сәйкес, активтердің көпшілігі оффшорлық компаниялар арқылы сатып алынған.