«Канело» үшінші жекпе-жегі: GGG жеңілмеу үшін не істеу керек

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Бокс сарапшыларының бірі Головкин «Канеломен» үшінші рет жекпе-жекке шықпаса не болатыны туралы болжам жасады

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге кеңес берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сарапшының пікірінше, GGG-ге мексикалық Сауль Альвареске шүйлігудің қажеті жоқ, онымен үшінші рет жекпе-жекке шықпай-ақ карьерасын жалғастырса болады.

«Головкиннің «Канеломен» үшінші жекпе-жегі болмай қалса, бұдан GGG-ге келер ешқандай зиян жоқ деп ойлаймын. Себебі үшінші кездесуге қол жеткізу үшін, тағы да Лас-Вегаста жұдырықтасуға келісуі тиіс. Бірақ Головкиннің алдағы карьерасы туралы алып қарайтын болсақ, енді «Канеломен» кездеспейтін болса, оның еш зияндығы жоқ. Вегаста жеңілмеген жігіт туралы ойлап бас қатырмайды, «Канело» сияқты танымал емес басқа жігіттерді жеңуге мүмкіндігі зор. «Канеломен» жұдырықтаспайтын болса, Головкин енді ешқашан жеңілмеуі мүмкін», — деп жазады автор.

Головкин промоутерімен жұмысын тоқтатты ма?

Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің екі мәрте қарсыласы болды. Олар бірінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен тең түсті, ал реванш кезінде төрешілердің көпшілігі жеңісті «Канелоға» берді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/