Канело Головкинмен үшінші жекпе-жектен неліктен бас тартқанын түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Мексикалық боксшы журналистерге берген сұхбатында Головкин үшінші рет кездесуге лайық емес дегенге келтірді
НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тарту туралы шешіміне түсініктеме берді.
Шолушы Крис Мэнникстің Twitter-дегі парақшасында Альвареспен сұхбаттан үзінді жарияланды.
»Мен Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тартамын, өйткені оның маған көк тиынға керегі жоқ. Оны екі рет ұттым. Бірінші жекпе-жекте де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Оның маған еш пайдасы болмаса, үшінші жекпе-жек не үшін керек? Қайдағы жоқ біреулермен жекпе-жек өткізіп жүр. Ол IBF титулын иеленген күннің өзінде, оны ешкім емес біреумен жұдырықтасып жеңіп алған болады», — деп мәлімдеді Канело.
Бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтеді деп мәлімдеген еді.
Саул Альварес пен Геннадий Головкиннің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті.
Алғашқысында боксшылар тең түстік. Екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Канелоға берді.
Головикн 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Боксшылар бұрын Альвареске тиесілі болған, қазір бос тұрған IBF белбеуіне таласады.
sputniknews.kz