«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Сауль «Канело» Альварес 2 мамыр күні рингке оралады деп жоспарланып отыр. Қарсыласының есімі аталмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. WBA Super тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазіргі уақытта IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты еш нәрсе айта алмайтынын жеткізді.

Альварес 2 мамыр күні рингке оралады деп жоспарланып отыр. Қарсыласының есімі аталмады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты біраз сөз болды. Алайда қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Мен 168 фунт салмақта жұдырықтасқым келеді. Кейін орта салмаққа жақындауды жоспарлап отырмын. Мұны ақылмен жүзеге асыру керек. Өйткені жартылай ауыр салмақтан орта салмаққа ауысу радикалды өзгеріс», — деді «Канело» ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталды. Бір жылдан кейін қарсыластар қайта жолығып, бұл жолы төрешілер жеңісті Альвареске берді. Екі кездесу де Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.



sputniknews.kz