Туғанына 17 күн болған сәби коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделіп шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Туғанына 17 күн болған сәби коронавирустың жаңа түрінен дәрі-дәрмексіз емделіп шыққан. Нәресте Ухань қаласында инфекциясы бар деп расталған әйелден туған деп хабарлайды Daily Mail басылымы. 

Мемлекеттік БАҚ хабарлағандай, жаңа туған нәресте қазіргі уақытқа дейін қытайлық вирустан емделген ең жас науқас болып отыр. Ол ауруханадан жұма күні барлық тексерісті өтіп болған соң үйіне қайтарылған. 

People’s Daily басылымы сәби Ухань ауруханасына туыла сала жеткізілгенін жазған. Дүниеге жаңадан келген нәресетеде дәрігерлер вирустың бар екенін анықтаған. 

«Сяо Сяо есімді қыз бала тыныс алу мүшесінде инфекция болған» деді аурухананың неонтология департаменті бөлімінің дәрігері. 

Қыздың бойында аурудың ешқандай белгілері көрінбегендіктен, дәрігерлер балаға антибиотиктер бермей, ауруды өзі жеңеді деп күткен. 

«Тыныс алуында аса қатты қиындық болған жоқ. Жөтел мен қызу болмағандықтан, тек жүрегін емдедік»,-деді дәрігер CCTV арнасына. 

Нуклеин қышқылына жасалған сараптамалар теріс нәтиже көрсеткендіктен, жұма күні сәби үйіне қайтарылған. 

Дәрігер баланың толықтай коронавирустан сауыққанын, сондай-ақ жүрек ауруынан да айыққанын хабарлаған. 

Қытайлық дәрігерлер, инфекцияның аналары арқылы іштегі балағы берілуі мүмкін деп дабыл қағуда. 

Осы айдың басында Ухань қаласында дәл осындай жағдай орын алған. Туғанына 30 сағат болған нәрестеде короновирус бар екені анықталған. 

Аурудың тағы бір жаңа таралуы жолы — анадан балаға берілу екендігі анықталып отыр.

Айтьа кетейік, коронавирустан Қытайда 2592 адам көз жұмған, 77000 адамға жұққан, елдің экономикасына нұқсан келтірген. 

Қазіргі уақытта жасы ең үлкен науқас 96-дағы әйел, үш күндік терапия арқасына аурудан айыққан. 

Бүкіл әлемде эпидемия жоқ дегенде 2628 адамның өмірін қиған, тағы 79 700-іне жұққан. 

 

stan.kz