Кәлетаев: Азаматтық форумның мақсаттарының бірі – ҮЕҰ алаңын қайта түрлендіру

0
16 Қараша 2018, 17:27 322 0

Орал, BAQ.KZ. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өзінің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласында өтіп жатқан өңірлік Азаматтық форумға қатысты.

Іс-шараны ашқан Дархан Кәлетаев ағымдағы жылғы 27-28 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен Астанада өтетін Қазақстанның Азаматтық форумы туралы хабардар етіп, сондай-ақ өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

Министр, Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында азаматтық қоғаммен тиімді байланыс қалыптастыру мәселесін ерекше бағыт ретінде белгілегенін атап өтті.

«Соңғы кездері азаматтық қоғам институттарына қатысты келіп түсетін барлық материалдарды қарай келе, біз жұмысты қайта түрлендіру қажеттігін көріп отырмыз. Алдағы Азаматтық форумның мақсаттарының бірі үкіметтік емес ұйымдар алаңын қайта түрлендіру, тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды дамыту. Біз азаматтық қоғамды елдің дамуына тартудың жаңа жолдары бар екенін көріп отырмыз», – деді Д.Кәлетаев.

ҚР Қоғамдық даму министрі өзінің іс-сапары аясында Қоғамдық кеңестердің қызметіне арналған республикалық конференцияға қатысты, онда Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіруге бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Дархан Кәлетаев мемлекеттік қызметшілердің Кеңес құрамындағы үлесін барынша азайту, ҮЕҰ-дардың қатысуын 90 пайызға дейін кеңейту жоспарланып отырылғанын атап өтті. Бұл ретте, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Стамбул жоспарының ұсынысына сәйкес кеңестер құрамын бекітетін жұмыс топтарына мемлекеттік органдардың басшылары емес, азаматтық қоғам өкілдері жетекшілік ететіні айтылды.

Министрдің ақпараты бойынша, Қоғамдық Кеңестердің қызметіне әдістемелік және әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі Уәкілетті органның функцияларын Қоғамдық даму министрлігіне бекіту ұсынылуда. Бұдан бөлек, Қоғамдық Кеңестердің қызметі бойынша жыл сайын Ұлттық баяндама шығару жоспарлануда.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз