Энергия тиімділігі картасы бойынша жыл сайын 3,5 млрд теңге үнемделуде

0
19 Қараша 2018, 12:11 142 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында энергия үнемдеу жөнінде баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Танымал халықаралық энергия сервистік шарттардың тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту» міндеті бекітілді. Осыған байланысты, энергия сервистік шарттардың нарығын дамыту және энергия үнемдеу жобаларын іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл үшін Энергия тиімділігі картасы құрылды. Онда энергия сервистік келісім-шарттардың тетігі арқылы іске асыруға дайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізімі жасалды. Қазіргі уақытта, картаның 15 млрд теңге болатын 68 жобасы іске асырылуда. Олардың ішінде 12 жоба энергия сервистік шарттар мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы қолға алынды. Жыл сайынғы үнемдеу 3,5 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 12 жоба бойынша 660 млн теңге үнемделеді», — деді ол.

Қасымбектің айтуынша, аталған картаның 72 млрд теңге болатын 76 жобасы әзірлену үстінде. Қазіргі уақытта оларға инвесторлар іздестіріліп жатыр.

«Энергия сервистік жобаларды іске асыруды қолдау үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен және Даму қорымен бірлесіп, жобаларға субсидиялау және кепілдендіру түрінде қаржылық қолдау көрсетуді бастадық. Бүгінгі таңда 28 жоба осы қолдауға ие болды», — деді министр.

Бұған дейін, ведомсвто басшысы «Нұрлы жол» аясында 3 мыңға жуық сумен жабдықтау желісі жөнделгенін және 2020 жылға қарай 6,6 мың шақырым жол ақылы болатынын жеткізді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ