Home Lifestyle Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі

0
389

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3-4

1 Шахмет Хұсайынов және қазақ драматургиясы 5-32

1.1 Өнегелі өмір жолы
5-14

1.2 Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы Көкше бейнесі
14-32

2 Шахмет Хұсайынов драмаларындағы өмір
шындығы       33-61

2.1 Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі 33-52

2.2 Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі 52-61

ҚОРЫТЫНДЫ
62-65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
66-67

КІРІСПЕ
Үстіміздегі жыл еліміз үшін елеулі жыл. Биылғы жылы біз еліміз
егемендігінің 20 жылдығын атаудамыз. Осы орайда елдің кемелділігінің бір
белгісі оның әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуі. Бүгінде біздің
мәдениетіміз бен өнеріміз, әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілуде. Соған
еселі үлес қосқан қарымды қаламгердің бірі – даңқты жерлесіміз, өзінің өмір
жолында қазақ әдебиетінің дамуына ерекше үлес қосып, артында ондаған жинақ,
елуге тарта тартымды драмалық шығармалар қалдырған, көрермендер ықыласына
бөленген Шабандоз қыз, Біз осында тұрамыз, Асау Ертіс жағасында
кинофильмдерінің авторларының бірі болған және олардың дені біздің өлке
адамдарына арналған, қайда жүрсе де өзінің туған өлкесі Көкшетауға деген
ыстық ықыласынан арылмаған Шахмет Хұсайынов еді. Біздің осы жұмысымыз да
осы қаламгер шығармашылығына арналды.
Осы бір өнер адамының көкшеліктерге жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Оның
көркем шығармаларының дені біздің өлкеміз бен содан шыққан айтулы
тұлғаларға арналған дүниелер. Күннен – күнге көріктеніп келе жатқан
қаламыздың сәнін асқақтатып, көкшеліктер көңіліне нұр құйып, өнер сүйер
қауымға мақтаныш сезім ұялатқан, қала ортасындағы көрікті де әсем ғимаратқа
есімі берілген қаламгер шығармашылығына баруды жөн деп таптық.
Жұмыс барысында қаламгердің өзі басқа өнер адамдары туралы жүздеген
мақала жазып, ондаған көркем де құнды еңбектер қалдырғанымен театр
тақырыбын арнайы зерттеушілер Б.Құндақбаевтың Бел – белестер [1], Уақыт
және театр [2], Ф.Оразаевтың Замана қаһарманы [3], Ә.Тәжібаевтың Қазақ
драматургиясының дамуы мен қалыптасуы [4], Есімдегілер [5], Қазақ
әдебиеті тарихының үшінші томының екінші кітабы [6], қаламгердің жары
Б.Римованың Еңлікгүлім [7], С.Мәуленовтің Телтолқын [8], Ғ.Мұстафиннің
Ой әуендері [9]; Қазақ театрының тарихы кітабының бірінші және екінші
томдарында [10, 11] қаламгер шығармашылығына арналған пікірлер мен ойлар
кездесіп, мезгілді баспасөз беттеріндегі мақалалар (мерейтойлар мен
кітаптарының шығуына байланысты) болмаса, үлкен қаламгер шығармашылығы
туралы бір ғана зерттеу еңбегі – филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін
алу үшін қорғалған Ж.Бектасованың Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы
ғұмырнамалық шығармалар атты диссертациясы [12] жазылған. Көзі тірісінде
әр тойы ауқымды аталатын қаламгердің 100 жылдығы жетім қыздың тойындай
өтіп, 105 жылдығы аталмай да қалды.
Бүгінгі таңдағы туған өлке тарихына, оның жеке тұлғаларына қызығушылық
пайда болуын ескеріп, жоғары мектептің тіл мен әдебиет бөлімі студенттері
мен осы мамандықтарды қалаған колледж студенттері мұқтаждығы мен мектеп
оқулықтарында аталмыш тақырыптың мардымсыздығын ескеріп осы жұмысты қолға
алдық.
Жұмыстың өзектілігі де осында деп білеміз. Ал, жұмыстың ғылыми
дәйектілігі, біз мұнда драматургия саласындағы бірден-бір білікті маман,
академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың
Мемлекеттік сыйлыққа ие болған Арқау [13] еңбегіндегі драматургияны үш
салаға бөліп қарастыруын құптай отырып, өз жұмысымызда қаламгердің туған
жерге арналған шығармалары мен драматургиясындағы тарихи тұлғалардың
көрінуіне көңіл бөліп, көркемдік ерекшелігіне баса назар аудардық.
Жұмысымыздың мақсаты біріншіден, Ш.Хұсайыновтың әлі де тереңдей
зерттелмеген творчествосымен етене танысып және жүйелі түрде зерттеу;
екіншіден, драматургия саласын әдебиеттану ғылымы тұрғысынан тақырыбы,
идеясы, тіл шеберлігі мен көркемдік ерекшелігі тұрғысында қарастыру.
Зерттеудің нысаны ретінде Ш.Хұсайынов шығармашылығы көлемді түрде
алынды.
Содан барып Шахмет Хұсайынов шығармашылығының өзегі драмалық
шығармаларында екендігін ескеріп, қаламгердің бұл саладағы табыстары мен
басты еңбектерін драматургия теоретиктерінің тұжырымдамаларына сүйене
отырып талдадық. Әрі жазушының беделін өсірген, оның қазақ әдебиетіндегі
орнын көрсеткен Марабай (1941), кейіннен Кеше мен бүгін (1955) аталған
драмасы мен Күн шуақта (1966), Сырымбет саласында (1966), Үкілі
Ыбырай (1972), Алғашқы ұшқындар (кейіннен Біздің Ғани) (1965), (Әбу-
нәсір әл Фараби (1970), Өтелген парыз (1970) драмамаларына тоқталып,
талдауды жөн көрдік.
Шығарманы шығарма ететін – тіл, қандай да болмасын туындыны оқырманға
ұғынықты жеткізетін, оны сүйікті ететін шығарманың тілі болмақ. Сондай-ақ
әрбір жазушыны, драматургты даралайтын өзіндік ерекшелікті байқататын, оның
тілдік қолданысы, мәнерлегіштігі, әсерлілігі, әсемдігі өзіндік стильдік
ерекшелігі болғандықтан, екінші тараудың соңғы тараушасында Ш.Хұсайыновтың
драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігіне тоқталдық.
Жұмыс соңындағы қорытынды бөлімде сөз етіп отырған тақырыптың жалпы
қазақ әдебиетінің тарихынан, оның ішінде қазақ театры мен драматургия
саласынан алатын орнын айқындап, жерлес қаламгер Шахмет Хұсайынов
шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мен еліміздің мәдени және
әдеби мұрасындағы көкшеліктер орнын биіктетер зор еңбегіне тоқталдық.
Ш.Хұсайынов творчествосы жөнінде жазылған бұл зерттеу жұмысы диплом
төңірегінде қалып қоймай, әрі қарай жетілдіріле, тереңдетіле зерттеу
жұмысына айналар деп ойлаймыз.

1 Шахмет Хұсайынов және қазақ драматургиясы
1.1 Өнегелі өмір жолы

…Тірі болсаң ортада топтың тұрар ең,
Сипаты бөлек, салтанат сәнін құрар ең.
Ақан боп шырқап, Ыбырайдай бұрқап кететін,
Қоскөлден ұшқан қасқалдақ әнге құмар ең.
Серідей шалқып, сахна төрін билеп ең,
Күмбірлеп жатты кеудеңде текті күй деген.
Өресі биік өлең боп сен де өттің-ау,
Марғасқа мінез, мансапқа басты имеген.
Төлеген Қажыбаев [1].
Қазақ жерінің аты аңызға айналған әсем өлкелерінің ішіндегі қайталанбас
хас сұлуы – көрікті Көкше өлкесі адамзат әлеміне талай-талай асылдарды
әкелді емес пе?! Өйткені, ауасы дертке дауа сұлу өлкенің бұлағы
былдырлап, суы сыңғырап, қалың қарағайлы орманы бір көрген жанның көңіл
күйін козғамай қалдырмайды да ғой. Айна көлдер, алақанға қондырғандай жеп-
жеңіл таулар, даланың сағымы көтеріп, көз алдыңда ойнап тұрғандай ерекше
бір сұлулық әлеміне жетелемей ме?! Ал, тасының өзі мың құбылып, жырлап
кеткендей әсер қалдыратын бұл өлкенің өзіндік бір әсемдігі бар. Кең
жайылған Сары Арқаның ортасында табиғат бар мейірімін төгіп, әр жерден бір
шоқы жасап, оның олқылығын толтыруға әр шоқының түбінен бір-бір дөп-
дөңгелек көл жасап кеткендей. Даланың мөлдір бұлағының да өз сұлулығы бар.
Шымырлап, буырқанбай-ақ жер астынан момақан ғана ағып шыққан кәусар су
коршаған төңіректің мөлдірлігін бұзбай үнсіз сырғи ағады. Мұның өзі де
табиғат тылсымы емес пе?! Өмірге қадам басысымен осы жан тебірентер
сұлулықты сезіп өткендіктен де бұл өлкеде ақын да, әнші де, сал-сері де мол
болған ғой. Өйткені мұндай тылсым дүниенің ортасына түскен адамның ақын
болмауы мүмкін емес, ақын болмауға қақысы да жоқ. Сұлу табиғатпен қоса оны
атағы әлемге кеткен, сұлулық пен әсемдіктің пірлері сал Біржан, Көкше
серілерінің көсемі Ақан, даланы өзінің өрелі үнімен жаңғырықтырған үкілі
Ыбырай әндері тербеген Көкше перзентіне әсемдіктің не екенін, тіршілік үшін
күрестің сырын, өмір сұлулығын осы әндер үйретеді, ұқтырады .Олар сенің бар
бойыңды баурап, жаныңа нұр құйып, сенің болмысыңдағы барша әсемдікті
ұлғайтады, жаныңды байытады. Содан да әсемдік дүниесін барынша тазалықпен
сүйесің, соған берілесің, сенің жаның ақын болып жыр төгеді, акындықты,
әсемдікті бар жан-тәніңмен сезінесің, құлай сүйесің. Міне, жасынан осы әсем
ортада өсіп, ақын болмауға құқы болмағандықтан өмір бойы сері болып өткен
адамның бірі – кербез Көкшетауының даңқын бар әлемге мәшһүр еткен дарқан
дарын, бүгіндері жасы ғасырдан асқан – Шахмет Хұсайынов еді. Ол өткен
ғасырдың сонау отызыншы жылдарынан бастап өнердің қиын да қасиетті саласы
драматургияда еңбек етіп, өзінің өмірдегі өр мінезіндей, өнерде де киын
қамалдарды алуға құлаш ұрды. Ол ары таза, ішкі дүниесі сау, тек ізгіліктен
түзілген ойы мөлдір, жаны сұлу адамдарды армандады. Соны сахнаға шығарсам
деп жылдар бойы алыс жолдың азабына арқа тосып, қиял қуып, жанын сала жүмыс
істеді.
Шахмет Хұсайынов 1906 жылдың 12 мамырында Көкшетау облысы (қазіргі
Солтүстік Қазақстан) Айыртау ауданындағы Қоскөл ауылында дүниеге келген
еді.
Сауатын ауыл мектебінен ашып, өз әкесінен, ауылында сал-серілік
дәстүрді жалғастырып, төңірекке қырық қалпақ атанып аты шыққан өнер
иелерінен әсемдік әлемді жанымен ұққан Шахмет Хұсайынов өзі де 13-14
жасынан ән салуға, өлең шығаруға бейімделеді. Сол бала күндерінде жазған
өлең жолдарының өзінде ақындықтан гөрі драмалық элементтердің басымдылығы
байқалады. Қазақ өнеріндегі ақындықтан гөрі драмалық элементтердің
басымдылығы туралы кейін қаламгердің өзі де көкшелік ғалым, филология
ғылымдарының докторы, Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі Ысқақ
Тәкімүлы Дүйсенбаевпен бірігіп жазған Қазақ ауыз әдебиеті және халық
ойындарындағы театр-драмалық элементтер, – деген мақаласында ашып айтады.
Жазушының өзі айтқан ұлт ойындарындағы драмалық болмыстарға жастайынан
бейіл қоюы да содан болар.
Өнерлі ортадан өнер сүюді үйренген болашақ үлкен дарын білім жолына
ерте түседі. Қаламгердің өзі ол туралы былай деп сыр шертеді:

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Ауылдан кеттік аяңдап.
Қарай бердім артыма,
Жетсін деп досым аялдап.
Дос та жетті
Түн жарып,
Сапар шектік қалаға! [1]
Сол жолы (1923 жылы) Қызылжар қаласына келіп, мұғалімдер техникумына
оқуға түскен болашақ үлкен дарын оны аяқтар алдында (1928) Мағжаншылдығы
үшін оқудан шығарылады. Өз заманындағы алдыңғы қатарлы оқу орнынан
саналатын бұл білім ордасы талай таланттарды қанаттандырды. Оның озық ойлы
оқытушыларының бірі, студенттер сүйіктісі -Мағжан болатын, оған көп
шәкірттері табынатын да еліктейтін. Шахмет те ұлы ақынға еліктеп, ақындық
жолға түсті, драматургия саласында тырнақалдысын да осында бастады. Тұңғыш
пьесасы Көк шыбық осында жүргенде жазылып, 1928 жылы техникум сахнасында
қойылды, техникум көркем өнерпаздары жетекшілері Қоцыктың басшылығымен
Москваға концерттік сапармен барғанда астанада қойылды.
Бұдан кейін облыстық Бостандық туы газеті мен Көкшетау аудандық
Колхоз жолы газеттерінде әдеби қызметкер болып істей жүріп, талай аға
қаламгерлерге жақындасып, олардан үйренді. Мәжит Дәулетбаев, Сәбит Мұқанов,
Жиенғали Тілепбергенов, Жақан Сыздықовтармен бірге жұмыс істей жүріп, көп
дүниеге қаңықты, көп дүние үйренді. Кейіннен 1932-34 жылдары Степняктағы
Социалистік құрылыс, Қарағандыдагы Қарағанды пролетариаты газеттерінде
жұмыс істеп, шеберлігін арттыра түсті. Талантты қаламгерді таныған әдеби
қауым оны 1933 жылы Алматыға шақырып, Қазақ әдебиеті газетінде жүмыс
істейді. Біздің әдебиетіміздің ең таңдаулы қаламгерлері қызмет еткен бұл
газет, оның шын мәніндегі әдеби мектебі бола білді.
Өнер өрінен көріну үшін, білім қажеттігін сезінген ол 1934-37 жылдары
Мәскеудегі Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнер институтынан (ГИТИС)
білім-бұлағынан сусындап, режиссер мамандығын алып шығады. Содан кейін
алдымен Семей облыстық театрының, 1938 жылы Орал облыстық драма театрының
режиссері болып жұмыс істегеннен ол 1938-1941 жылдарда М.Әуезов академиялық
драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ол қайда
жүрсе де өнер адамдарының сүйіктісіне де, серкесіне де айналды. 1941-47
жылдары бірыңғай жазушылық қызметпен, жазушы болғанда, негізінен
драматургиямен айналысқан ол бұл жылдары өндірте еңбек етті. Осылайша өнер
адамдарының қалың ортасында болған, ол 1947-50 жылдарда Қазақ ССР-і Ғылым
академиясының эдебиет және өнер институтында қызмет атқарып, ғылым
саласындағы дарынын да байқатты. Бұдан кейінгі жылдары да бірыңғай өнер
саласында қызмет еткен қарымды қаламгер 1972 жылдың 30 мамырында көз
жұмғанға дейін қыруар іс тындырып, артына елуге тарта пьеса, үш
киносценарий, екі кино повесть, ондаған әңгіме, жүздеген мақалалар жазып
қалдырды. Оның шығармалары бірнеше дүркін жеке кітап болып басылумен қатар,
үш томдық, бес томдық таңдамалары да жарық көрді.
Міне, осы қыруар істі атқаруға оның қысқа ғұмыры қалай жетті, ол осынша
мол мұраны жазуға күш – қуатты қайдан алды?! Әрі, оның қысқа ғұмырының өзі
ылғи ашық күндерден ғана тұрған жоқ еді ғой!! Сонау жас шағында
Қызылжардағы техникумда оқыған сәтінің өзінде Мағжан – шылдығы үшін
комсомолдан қуылған ол 1937 жылдары Семейде жүмыс істеген шағында
Жұматшылдығы мен Сәкеншілдігі үшін қуғындалып, үндеместің құрығына
ілінеді. Бұдан кейін де ол үзақ жылдар бойы бірде үлтшылдығы үшін,
Мұхтаршылдығы үшін қудаланса, бірде жершілдігі үшін, Сәбитшілдігі үшін
қудаланды. Тіпті, ақындар мен сал-серілер мекені болған Көкшетауын сүйгені
үшін де таяқ жеген жерлері көп. Бірақ, соның бәріне мойымай, халқына адал
қызмет ете білген осы абзал азаматтың сарқылмас қуаты қайда жатыр,
еңбегінің бізге берері не, біз жазушы мұрасынан нені үйренеміз, не табамыз,
ендігі жерде соған келелік…
Белгілі ақын, Шахмет ағаның рухани досы әрі туған қарындасы Сараның
жары Әбділдә Тәжібаев: Шахмет іштей алалығы жоқ, көрінген жерде сүріне
бермейтін, тумай жатып болдырмаған, көңіліндегі жаз гүлін солдырмаған, сәл
күштіге бағынбаған, сәл байлыққа табынбаған, бүтін жан екен, жартыкеш емес
екен. Мені ол осы бүтіндігімен қызықтырды. Мен Шахметті ақ пейілі, еркек
мінезі үшін жақсы көрдім [],- дейді.
Жазушы Шахметтің қатты силап, қүдірет тұтатын дарындарының бірі – ақын
Сырбай болатын. Осы Сырағаң:
Жаны жайсаң, ұсақ емес, ірі еді,
Қоскөліндей мөлдір еді жүрегі.
Шоқанды айтып, биіктейтін шоқтығы,
Көкшетаудай көкке тимей бірі елі.
Қатар жайған қаршығадай қанатын,
Дос еді оған бар жазушы, бар ақын.
Кірпігіне шаң жуытпай бірінің,
Қабақтарын қалт жібермей бағатын[], – депті
қадірлі ағасы хақында. Қаламгердің халқына берерінің мол болу себебінің
бірі – осында болар.
Қазақ совет әдебиетінің кенже туып, кешеуілдеп дамыған драматургиясы
саласыңда қырық жыл бойы қажымай-талмай еңбек етіп, әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің қалыптасуына, дамуына елеулі үлес қосқан, баршамызға аяулы
Шахмет Хұсайынов 70 жасқа келген болар еді. Өнерін аса қастерлеп, талантына
тәнті болған, эстетикалық талғамы биік, ойлы, зерделі қазіргі
замандастарымыз драматургтің артына қалдырған бай мұрасын өз игілігіне
жаратып, өскелең өнеріміздің жалпы емес, жалқы, жапатармағай емес, бірегей
бұлақтарының бірі деп есептейді.
Шахмет Хұсайынов әдебиетімізге сонау дүрбелең шақта, ескі мен жаңаның
күресі басталып, ғасырлар бойы жайлаған бей-жай тірліктің көбесі сөгілген
тұста, қазақ ауылын советтендіру кезеңінде келген-ді. Бұл кезеңнің басты
сипаты ауыл еңбекшілері арасында Ұлы Октябрь революциясының жеңісін
түсіндіріп, оларды совет өкіметін қолдауға шақыру, таптық күреске үндеу,
қаскөй надаңдықка, сауатсыздықка қарсы шабуылға шығу, әлеуметтік
теңсіздіктің тамырына балта шабу болатын. Осы дәуірдің ұлы дүбіріне үн қоса
келген Шахаң әуелі Қызылжарда шығып тұрған Кеңес ауылы газетінде 1928-
1929 жылдары ауылдағы социалистік платформаның, тап тартысының шындығын
бейнелейтін фельетондарын, очерктері мен әңгімелерін бастырды.
1930 жылы Сәбит Мұқановтың құрастыруымен колхоздастыру тақырыбына
арналған Жеңіс атты жас жазушылардың жинағы шықты. Бұл жинаққа Шахметтің
Өрт атты әңгімесі де енген еді.
Колхоз құрылысын, ауылдағы тап тартысын суреттеген ең алғашқы
драматургиялық шығармаларының бірі – Шабуыл атты үш актылы пьесасы 1932
жылы Әдебиет майданы журналында жарияланды. Бұдан былайғы кезде Шахмет
драматургиялық жанрға біржола бет бұрады. Нақ сол жылы Қазақ кәсіподақ
советтерінің конкурсында оның Обырлар атты сатиралық комедиясы екінші
орынға ие болады. Мұнда ол социалистік меншікті талан-таражға салушыларды
өлтіре әшкерелейді.
Біздің Ғани спектаклінде басынан аяғына дейін өрбіп отыратын
революциялық рух пен жігер оның өнбойынан көрініп отыратын сол дәуірдің
шындығы көрермендерді бірден баурап алады. Ол Қазақстан комсомолы
құрылуының бастапқы кезеңін – еліміздің ішкі және сыртқы жауларға қарсы
кескілескен күрес жүріп жатқан жиырмасыншы жылдарды қамтиды. Бұл күні кеше
ғана жартылай отар саналып келген қазақ халқының Ұлы Октябрь революциясы
жеңісінің мән-маңызын түсіне бастаған шағы еді. Бірақ тап жаулары олардың
жаңа тұрмыс орнатуына мүмкіндік бермеуге тырысса, оған қоса ескі дүние
еншісі – аштық, жалаңаштық, қайыршылық пен панасыздық кедергі болды.
Осынау қат-қабат кедергілерді жойып, бақытты өмір құру жолында
күресушілер тобының алғы шебінде Ғани жүр. Ол революциялық қайта құрулардың
дұрыстығына кәміл сенген, ленинизм идеяларына шын берілген жан. Өзі де
лапылдап жалын атып, өзгелерді де өзінің жан қызуымен қыздырып, биік
мұраттарға еліктіріп, ерітіп отырады. Пьесадағы Асанбай мен Көпбол, Павел,
Сағадат, Күлпаш образдары да тартымды шыққан. Жалпы пьеса оқиғасы үлкен
конфликтіге – таптық тартысқа құрылып, композициясы шымыр тартылған. Бұл
патриоттық спектакльді қойғаны үшін республикалық Балалар мен жасөспірімдер
театрына 1967 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді.
Қаламгердің көптеген пьесаларынан байқалып отыратын басты сипат –
сатиралық комедия стилі. Алдар көсе мен Андабек, Зәрубайларды былай
қойғанда, бүгінгі өмір шындығын көрсететін Өжет қыздағы Жұрынбаев,
Көктем желіндегі Шаймұқан, Кеше мен бүгіндегі Үдері, Сабатай және т.б.
сатиралық әдіспен жасалып, өздерінің болмыс-бітімімен типтік дәрежеге
көтерілген кейіпкерлер. Жазушы бұл кейіпкерлері арқылы мансапқорлық,
жалақорлық, төрешілдік сияқты ескілік атаулының күні өткен көріністерін
өткір сынға алады. Сондай-ақ героикалық планда суреттелетін салмақты
тұлғалардан жас совет өкіметі үшін күресуші Амангелді, Ғани, Боран, Жәуке,
Науан образдары, байсалды ғалым Марабай, жаңашыл Дулат, ақылды, ақпейіл
Ақжал, Кәрбоз, Воробьев сияқты қарттар, өжет Ғалия, сүйкімді сұлулар
Қорлан, Бәдігүлдер және басқалар дарынды драматургтің көп ізденіп, көпшілік
көңілінен орын алған замандастарының бейнелері.
Шахмет Хұсайынов театр сыншысы ретінде де ұзақ жылдар бойы жемісті
еңбек етті. Ол республика театрының тарихы жайлы 50-жылдары Қазақ ССР Ғылым
академиясына өте бай материал жинап өткізді. 30-жылдардың өзінде-ақ қазақ
театр өнерінің дамуына ықпал еткен, әсіресе Станиславский жүйесінің
негіздерін түсіндіретін көлемді мақалалар жазды. Сонымен бірге Қазақ ССР
Халық артисі Елубай Өмірзақов творчествосы жайлы жазған монографиялық
еңбегі – қазақ актерлерінің шеберлігі туралы жазылған ең алғашқы кітап
екенін айтар едік. Кезінде журналдарға сахна шеберлері Серке Қожамқұлов,
Қапан Бадыров творчествосына арналған мақалаларымен қатар Халық
творчествосындағы театр элементтері атты көлемді ғылыми еңбегін жариялады.
Республикамызда төл драматургиямыздың дамуына белсене ат салысып, оның
алдыңғы сапында бола жүріп, 40 жылдан астам театр өнерін еркендетуге білімі
мен күш-қайратын, қабілет-дарынын ақырғы демі біткенше жұмсаған Шахмет
Хұсайынов халкымыздың аяулы ұлдарының бірі. Уақыт озған сайын оның
творчестволық қиялынан туған көркем образдар галереясының тәрбиелік,
өміршеңдік пен жасампаздық қуаты биіктей бермек.
Егер бүгінде ортамызда отырса, Шахмет Хұсайынов ағамыздың шашын еңбек
ағартқан 70 жасын бірге тойлаған болар едік. Ш.Хұсайынов әдебиет пен
мәдениет майданында 40 жылдан астам еңбек етіп, 50-ден астам пьеса мен кино-
повестер, оннан астам кітап калдырған, халқымыздың батыр, ардагер
Амангелді, Шығыс жастарының көсемі Ғани Мұратбаев, Советтердің VIII
сьезінің делегаты Прохор Жуков, Кремль сақшысы Науан Сәрсенов секілді кесек
тұлғаларды сахна арқылы халықпен дидарластырған суреткер. Сонымен бірге ол
казақ театрының тарланы Елубай Өмірзақов туралы монография, театр, актерлік
өнер жайлы талай-талай көлемді мақалалар жазған өнер танушысы. Мұның үстіне
жас жазушыларға ақыл-кеңес беріп, камқорлық жасаған аға еді.
Шахаң жастарға ерекше ілтипатпен қарайтын, сондықтан да үнемі
шығарманың тәрбиелік мәніне назар салушы еді. Жазушының күнделікті
тұрмыстағы бұл көзқарасы шығармаларынан да мол орын алғанын аңғару қиын
емес. Менің Ғаниым соңынан бірер Ғаниды тудыра алса, бүкіл ғұмырлық
мақсатым орындалды дер едім, – деді ол бірде.
Әр шығарманың қаһарманына ол осылай қарады.
Бірде мен Шахаңа: Аға, мектепте жүргенде сіздің Есірткен еркені
ойнауға қатыстым, – дедім. Ол кереқарыс маңдайын бір сипап қойып: Кімді
ойнадың? – деп сұрады. Комсомол комитетінің секретарын ойнадым. Образды
қалай шығардың, көрермен оқушыңа үлгі болар қылық көрсете алдың ба? – деді.
Шынында қалай ойнағанымды өзім де білмейтінмін, әйтеуір сөзін жаттап айтып
шықсам керек. Ал Шахаңның сұрағы әуелі менің көңіліме келгендей болды.
Актер емеспін, оқушы балаға қалай ойнадың дегенше, рахмет, тәуір бопты
дей салса несі кетер еді, – деп ойладым. Қазір бақсақ, драматург өз
кейіпкерін халық арасында қалай түсінгенін білгісі келген екен, әр
кейіпкерінің үлгі боларлық қасиетін іштей толғатып жүреді екен.
Москвадағы А.В.Луначарский атыңдагы театр өнері институтын бітіріп
келгеннен кейін драматургтің жазу өрісі кеңейе, тақырыбы молая түседі.
Семей, Алматы театрларының көркемдік жағын басқару үстіне Боран сияқты
әлеуметтік-саяси мәні жоғары туындыларды дүниеге әкеледі. Бұл тарихи-
революциялық тақырыпқа Хұсайыновтың алғаш байыпты түрде қалам жұмсауы
болатын. Автордың негізгі мақсаты қазақ жұмысшыларының, әсіресе, жастардың
таптық санасының белгілі бір заңдылықпен оянуын ашу еді. Шығарма бұл
мақсаттың сәтті орындалғанын дәлелдеді. Екіншіден, Шахаң осы алғашқы
туындыларының өзінде-ақ жас адамның психологиясына қанық екенін, оның ішкі
иірімдерін тап басып көрсете алатын қабілетін танытты. Драматургте жас
кейіпкерді мүсіндеуге жанын сала кірісетін әдет сол 30-жылдардың өзінде-ақ
бар еді.
Соғыстың алғашқы үш жылында Шахаң Қазақтың академиялық драма театрында
(қазіргі М.Әуезов атындағы академиялық драма театры) әдеби бөлімін
меңгеруші қызметін атқарады. Осы жылдары Сахара үстіндегі жалау (немесе
Амангелді), Жұртын сүйген жүрек пьесаларын жазады. Ұлы Отан соғысымен
тұстас туған шығармаларында автор отаншылдық сезімге баулу, Отан қорғау
жолындағы ата-баба дәстүрін көрсетіп, соны насихаттауды негізгі мақсат етіп
қояды.
Амангелді астаналық театрда қойылды. Авторлық мүдде мен режиссерлік
шешім үндестік тапты. Амангелді ежелгі халық батырларына тән ерлігімен де,
жаңаның лебін сезген, жаңара түскен өр мінезділікпен де көріне алды. Екі
түрлі касиет бір кісінің бойына жігін таба қабысып, жымдасып кетті. Әуелде
тоңмойын, бәрін күшпен жеңгісі келіп тұратын батыр спектакль барысында шым-
шымдай, сатылай өзгеріп, көзі ашылған, большевиктік санаға ие болған, жарлы-
жақыбайларды басқарушы деңгейіне көтерілді. Спектакльде тәуір шешімдер,
актерлік түйіндеулер аз емес.
Соғыстан кейін драматург өзінің алғашқы танымал тақырыбына қайта
оралды. Колхоз тұрмысы – авторды толғантқан мәселе осы болды. Бұл ойын ол
Дала жұлдызы, Қызыл бидай, Көктем желі сынды шығармаларында жүзеге
асырды. Драматург аталмыш дүниелерінде ең алдымен адам, сонан соң барып
шаруашылық мәселесі дегенді айқын көтерді. Шаруашылықтың өзі адамның ғұмыр
сүруі үшін қажет! Негізгі пафос осы еді. Бұл идеяны кейін автор Біздің
Ғани пьесасында да астарлай жеткізді.
Ғани Мұратбаев туралы қазір баспа бетін көрген материал көбейді:
естеліктер, тарихи-дерек жазбалар, көркем шығармалар бар. Яғни деректі
материалдар мен естеліктерді көркем туындымен салыстыра отырып, ой қорытуға
мүмкіндік молайды.
Тарихи-ғұмырнамалық Біздің Ғани пьесасында ендеше басты кейіпкер
қалай көрінді?
Бұл сұраққа жауап сол – мұнда Ғани парасатты халық перзенті болып
көрінген. Оның замандастарының айтқан деректері, архивтік мағлұматтар
көмегі көп болғандықтан ба, спектакльді көріп отырғанда Ғани Мұратбаев
ортамызда жүргендей сезінесің. Шығыс жастары көсемінің тұлғасын толыққанды
шығарудың өте жауаптылығын сезінген автор пьесаны қайта-қайта жазған. Сонда
ең соңғы нұсқаның сәттірек екенін көреміз. Мұнда Ғани әрі қарапайым, әрі
ақылшы, әрі жастардың жарқын жолбасшысы дәрежесінде сомдалып, тұлғасы
асқақтай түсті.
Ш.Хұсайынов драматургиясын тұтастай алып қарағанда қандай
ерекшеліктерімен оқшауланар еді?
Ең алдымен айтарымыз – драматург шығармаларындағы комизмнің
басымдылығы. Ол өзі де күле білді, оқырманды да, көрерменді де күлдіре
білді. Тағы да оның күлкісі жеңіл, мәнсіз күлкі емес. Астарлы күлкі,
салмақты күлкі, ойландырар күлкі.
Алдар көсеге, Шаншарлар (Қ.Куанышбаевпен бірігіп жазған), Күн
шуақта пьесаларына байланысты да, жалпы қай шығармасы жайлы айтқанда да
тағы бір ерекшелік – тіл байлығы, автордың халық тілін жетік білетіңдігі.
Оның көркем шығармаларынан ғана емес, макалаларынан да бұл аңғарылады.
Драматургтің тағы бір айтып өтер ерекшелігі – уақыт талабын мұқият ескеріп,
соған ізін суытпай үн қоса білуі, дәуір тақырыптарын қозғауы. Бәрін тізіп
жатпай-ақ, бір Марабай пьесасын алсақ та сөзіміздің растығы айқындалар
еді. Ал бұл пьесаның қойылуы 1975 жылы жарық көрген Қазақ театры
тарихының бірінші томыңда: Ш.Хұсайыновтың Марабай пьесасының қойылымы
(режиссері – А.Тоқпанов) бүгінгі күн тақырыбын игеру барысындағы елеулі
оқига еді [308-бет] – деп бағаланды. Мұндай мысалдарды оның қалған
шығармаларына байланысты да айтуға болады. Жаңа тақырыпты игеру жолында
барлаулар, түрлі эксперименттер болады. Ол барлау болған соң сәттісі де,
сәтсізі де ұшырасады. Хұсайынов лабораториясында да ондай тәжірибе
жұмыстары жүргізілген. Тақырыптарды игеру, характерлерді сұрыптау, сөз
қоймасын ақтарып елеу-екшеу, замандастарымен кеңесіп, пікір алысу – осының
бәрі тынымсыз еңбек. Бірақ артында зейнеті бар еңбек. Тәуір шығарма туса
бәрі бір күнгідей ұмыт, жазушы үшін зор куаныш. Ондай қуаныштың Шахаң
талайын басынан өткерді. Ол куана білді, ренжи де білді. Ренішін тез
ұмытуға тырысты. Өйткені оны стол басыңда калам-кағаз күтіп тұратын. Ол
столға тек куанышпен серік болып отыруды уағыздайтын. Сонда ғана
кейіпкерің көз алдыңа келіп тұрады, сонда ғана ол саған сыр ашады, –
дейтін. Өжет қыз кинофильмінің сценарийін жазу үстінде талай ренжуге тура
келген. Ол ренішті жеңе білген. Стиль дегеніміз – адам деген формуланы
біз айтқанымыз жоқ. Әйгілі Бюффон айтқан. Демек, шығармасын оқып, авторын
тануға, авторымен сұхбаттасып, шығармасынан хабардар болуға мүмкін шыгар.
Халық шығармадан адамгершілікті көруге үйренген. Адамгершілікті паш ету –
ұлы миссия. Осы миссияны абыроймен аткарып жүрген ағалар аз емес. Халық
соларды сыйлайды, сөзін сөйлейді. Ағалар туралы айтылар сөз көп. Театр
өнері мен драматургияның дамуына атсалысып, алғашқылардың алдыңғы легіңде
болған, 40 жыл мандай терін төгіп, еңбек еткен Шахмет Хұсайынов туралы
айтылар сөздің де көбі алда.
Биылғы жылы даңқты жерлесіміз Шахмет Хұсайыновтың қайтыс болғанына 40
жыл толды. Кеше ғана қатарымызда жүрген, жарық дүниеге ажарлана, құмарлана
қарайтын, шындап қуанатын және шындап қайғыра білетін Шахметтің жарқын
бейнесі көз алдымызда. Оның қуланбай, ешкімнен сақтанбай, ештеңеден
сескенбей батыл айтатын ашық даусы да құлағымызда.
Совет тұсында туып, совет дәуірінде қалыптаскдн драматургия мен қазақ
театрына келген аз ғана каламгерлердің бірі Шахмет Хұсайынов ардақты
ағаларының іздерін баса, оларға ізет-құрмет көрсете келді. Ол Сәкен,
Бейімбетті әрі аға, әрі ұстаз тұтынса, Мұхтар, Ғабит сияқты ағаларымен
үзеңгілес, сырлас іні боп өсті. Шахаң өзімен қатар шыққан Әлжаппар,
Әбділдәмен де дос еді, екеуіне кеңес айтып, жәрдемдесіп отыратын. Адам мен
адамның арасыңдағы қатынас әрдайым өзгеріп отырады ғой. Бірақ, тұтас
алғанда, Шахмет қамқорлығын көрмеген тетелес достары кемде-кем.
Шахмет Хұсайыновтың астана театрларымен және театр қайраткерлерімен де
достығы ерекше күшті болатын.
Аяулы қаламгердің драмалық шығармалары театр сахналарында жүріп жатыр.
Және бұдан былай да Шахаңның пьесалары театр репертуарындағы көрнекті орнын
суытпай, өнер шеберлеріне әлі талай қанат бітіріп, шабыт берері хақ. Халық
өнерінің мол қазынасынан қорытылып құйылған Алдар көсе әлі талай сахнаға
жан бітіріп, көруші қауымды қыран-топан күлкіге батырары күмәнсіз.
Шахаң халық өнеріне қатты ден қоятын жазушы еді. Ол театр өнеріндегі
қызық зерттеу жұмыстарын да соған арнады. Үкілі Ыбырай, Шаншарлар
пьесалары сол халық мұраларын терең меңгеру жолымен келді.
Шахмет Хұсайыновтың бірталай пьесалары Қазақстанның Балалар және жас
өспірімдер театрының сахнасында қойылды. Мұның да өзінше бір сыры бар
құбылыс. Өйткені Шахаң өмір бойы жастарды тәрбиелеп, баулып өсіруде мол
еңбек еткен жан. Оның Біздің Ғаниы Шығыс жастарының жарық жұлдызы болған
Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметін, Отан алдындағы адамгершілік,
азаматтық борышын, Ленин комсомолының кажырлы еңбегін бүгінгі жастарға
өнеге етіп көрсетеді.
Есірткен еркеде мектеп жасындағы баланың еркеліктен есіруін, келе-
келе тентектіктен бұзақылыққа бару жолын драмалық тартыс үстінде көрсетіп,
жас өрендерді жат қылықтан сақтаңдырады, мектеп пен ата-ананы бала
тәрбиелеу мәселесіне мейлінше көңіл аударуға шақырады.
Шахаң көркем творчествоның қызығы мен азабын бірдей тартқан кісі. Ол
сәтті шыққан дүниесіне іштей қуанып, жақын дос-жарандарының мақтау
сөздеріне, құттықтауларына айтатын рахметінің үстіне қолдан келгені осы
болды деп мақтануға бармайтын еді. Жүзінен күлкі ойнатып, шадыман-шаттықта
болу – әркімнің қолынан келе бермейді ғой. Кейде Шахаңның бір пьесасы
сыналып жатса, табан астынан келетін ашуы көпке созылмайтын. Өзінің Күн
шуақта пьесасындағы Байсал сияқты театрдан жарты көше шықпай-ақ баяғы
жаймашуақ күйіне қайта түсетін.
Шахаңның осы бір сырмінез, барынша адал, жұртқа жайлы, ақкөңілдігі мен
кішіпейілдігі, үлкенге аға, кішіге іні бола білетін тамаша қасиеттері
төңірегіне дос-жарандарын мол жинаушы еді. Және бұлардың жас алшақтығы да
білінбейтін. Солардың бәрімен де Шахаң тіл тауып, өзінің құрдастарындай
ойнап-күліп жүре беретін. Міне, осы бір сүйкімді жанға бәріміздің еркелей
беретініміз де содан-ды.
Шахаң жас жазушыларға, драматургтерге, тіпті актер мен режиссерлерге де
қамқорлығын аямайтын. Жастардың талантын тез танып, жылдам аңғаратын Шахаң,
олардың жазған дүниесін өткізуге көмектесу ниетімен баспа орындарын
жағалап, солардың сөзін сөйлеуге ерінбейтін. Бірдеме шығатын жастардың
пьесасын оқыса, театрға, режиссер мен сыншыларға өзі бара алмаса, телефон
соғып, әлгі пьесаның құнды жағын айтып бәйек болып жүретін еді. Ол
жаратылысынан бұлдануды, менмендікті, көкірек керуді білмейтін, барынша
кішіпейіл жан еді. Қолынан келген жақсылығын кісіден аямайтын Шахаң өмірге
күліп қарайтын. Тіпті бірдеменің сәті түспесе де ұнжырғасы түсіп,
уайымдауды білмейтін. Оның бұл тамаша қасиеті өмірінің соңғы күніне дейін
өзгермей өзімен бірге кетті.
Шахмет Хұсайынов бейнеті көп, зейнеті мол, өзінің сүйіп айналысқан
драматургиясына театр өнерін оқып үйрену, зерттеу арқылы келді. Ол 30
жылдың ішінде қазақ театрының дамып, қалыптасу шағында, нағыз дер кезінде,
сахналық өнердің ерекшелігін танып, сырын ашатын мақалалар жазды. Солардың
ішінде Станиславский жүйесінің негізін түсіндіріп, сол тұстағы орыс совет
режиссурасы мен актерлік өнерінің озық үлгілерімен таныстыратын көлемді
мақалалары бар. Сонымен бірге Шахаң қазақ актерлерінің шеберлігі жайында да
құнды сын-зерттеулер жүргізді. Әйгілі сахна майталманы Елубай Өмірзақовтың
туғанына 50, сахналық қызметіне 30 жыл толуына байланысты шыққан шағын
кітабы – ұлттық актерлік өнер шеберлері жайындағы тұңғыш еңбек. Міне, осы
сияқты сахна өнеріне байланысты жазылған сын-зерттеулер, пайымдаулар
Шахаңның драматургияға барудағы бастама, творчестволық дайындығы болатын.
Шахмет Хұсайынов жазған Күн шуақта, Қилы-қилы тағдырлар, Әбунәсір
әл-Фараби – өмірдің қат-қабат күрделі мәселелерін қозғайтын ірі драмалық
шығармалар. Шахмет өз еңбектерімен қазақ тарихының сахналық шежіресін
жасауға талаптанған еді. Сол арманын орындап өтті десек те болады. Ол өз
туындыларында барлық дәуірімізді көрсетуді мақсат етті, сол жолда көп
еңбектенді. Әрине, Шахаң пьесалары біз атаған дүниелермен шектелмейді.
Драматургияда ұзақ жыл жемісті еңбек еткен автордың үш пьесалар жинағы
(1961, 1967, 1972 ж.ж.) шықты. Бірақ бұл үш кітап Шахаң жазған мол дүниені
тұтас қамти алған жоқ. Оның артыңда қалған, халқына арналған мұраларын
жинастырып, түгел басып шығару – біздің парызымыз.

1.2 Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы Көкше бейнесі
Жазушының жары белгілі актриса, Қазақ КСР халық әртісі Бикен Римова
айтқанындай жазушының негізгі тақырыбы туған өлкесі Көкшетауға арналған
болатын. Ең сүйікті шығармалары Сырымбет саласында, Тоты Тамилла,
Өтелген парыз, Рабиға, драмалары туған өлкесіне арналса, тың игеру кезі
туралы В.Абызывпен бірге түсірген Кинофильмі Біз осында тұрамыз да
Көкше туралы, уақиға бұрынғы Симферополь савхозында өтеді.
Шахмет Хұсайыновтің Көкше жеріне деген ынтығын белгілі ақын Әбділда
Тәжібаев (Шахмет Хұсайыновтың қарындасы Сараның жолдасы) былай деп еске
алады:
– Шахмет екеуіміз Сарыарқаны бір жыл аралағанбыз. Мұндай шаршамайтын,
тындырымды адамды көрген емеспін. Оқымаған, бірақ тоқыған археолог және
этнограф еді, – деп Әлкей Марғұлан ағамыздың естелік айтқаны да жадымызда.
Сырымбет тауына жаяу шығу оңай емес. Шахмет екеуіміз бірімізді біріміз
сүйеп (ол недәуір науқас болатын) соңғы рет оған да шықтық.
– Ананы қара, Тәжібай баласы! – дейді Шахаң, сол әрірекке сүйсіне
қарап, – Көрдің бе, көкпеңбек мөлдір аспанда үйір-үйір ақ бұлттар, ақ
шатырлар, ақ зонтиктер, ақ перделер, ақ қояндар, ақ бөкендер келеді. Аппақ-
ау, аппақ – бәрі де. Енді ұлы Ақанға құран оқимыз. Ал мен бастадым,
косылыңдар!

Аулым қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық сәулем едің,
Бөктергіге қор болып барасың ба?!
Біз түгел косылып, бар даусымызбен биік көтеруге тырысамыз, Бұл –
Шахметтің Сырымбет басында соңғы айтқан әні еді, бұл – оның бүкіл туған
арқасымен қоштасқаны еді… [45.52]
КСРО журналистер мүшесі, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер,
Көкшетау қаласының құрметті азаматты Кәрім Ілиясов Шахмет Хұсайыновтың
Көкшеге деген құрметін былайша түсіндіретін:
… Дарқан дарынды ардагер аға – жүрген жері ән мен жыр Шахмет
Хұсайынов өзінің кербез Көкше, атақты Айыртауына келген әр сапарында
ағайын-туған, дос-жарандарымен қауыша көрісіп баршаны разы ете, көңілдеріне
қуаныш ұялататын-ды.
– Мұғалім, – деді бірде есікті жайлап аша дәлізден асып кетпестен
қысылыңқырай сөзін бастаған Күнсұлу. – Алматыдағы ақын ата бүгін Сырымбетке
келеді екен. Жаңа ауданнан телефон соғыпты.
– Ол қай ақын?
– Жездем Қазиханның ағасы көрінеді. Қадір Ерденұлы Қапышев
Хұсайыновпен кездесу өткіземіз, Сізге бір жаққа кетіп қалмасын деп мені
әдейі жұмсады.
– Үйде боламыз, солай дегін, шырағым. Шағыл-шілде болса да, алтын күн
маңдай-милыққа иек арта түс әлетіндегі аптап ыстығынан қайтып, тау жақтан
қоңыр самал желпиді. Өрістен малдары келіп, кешкі абыр-сабырын тәмамдаған
жұрт жедеқабыл, сонау 1926 жылы Шахаңдар ірге тасын қалап, шаңырағын
көтерген мектепке қарай аяңдауда. Директор Хамит Нұрмановтың шағын
кабинетіне мен де келдім. Драматург ағамен студенттік кезімде әлденеше рет
кездесіп, бір-екі мәрте пәтерінде болғанымызда ортақұрсақ – оқушылар
қарнымызды тойындырғанымыз бар-ды. Біз сонда Шахмет аға мен Бикен апаның
кескін-келбет, пішіндеріне сұқтана көз тастап, сұлулықтарына қызығатынбыз.
Иә, арада қаншама жылдар жылжып өте шыққан. Өткен күнде неге белгі-
бедер болмасын. Абзал ағаның толқынды қара шашы қырауланып, кере қарыс кең
маңдайы ақылдылық пен білімдарлықтың айқын сара жолындай касқия түсіпті.
Берген сәлемімді қоштай қабыл алған Шахаң жанына жақын отырған балаң
жігіттердің назарын аудара:
– Бұл кісі осы мектептің мұғалімі. Әкесі Есмағұл менімен шамалас,
сыйлас, көңілдесім-тін. Әкесі достың – баласы дос деген бар. Сен екеуіңе
жақын туыс. Өйткені Сырымбеттің баурайындағы ауыл-елдер түгел дерлік бір
атадан өрбіген ұрпақтарымыз, – деді.
Шахаңның қасында отырған жас жігіттер атағы Алатаудай асқақ ақын,
жездеміз Әбділда Тәжібаевтың баласы, бұл күндері кинорежиссер Рүстем және
драматург Шахметтің өз баласы ғалым Көбей екен.
Ардагер ағаның жаңағы сөзі бабаларымыздың көрегендікпен айтқан: Әкең
өлсе-өлсін, әкеңді көрген өлмесін, – дейтін ұлағатты пікірін есіме салды.
Асқар тауым – Есмағұлдың бар болғаны отыз алты-ақ жыл ғұмыр сүрсе де,
жақсымен жанаса алғаны көңіліме қанат бітірді.
Шахаң бұл кездесу кеште өзінің творчестволық жолынан жерлестерін аз-кем
хабарлар еткені болмаса, көбіне-көп кеуделері күй сандық, құйма құлақ
қарттар, тірі тарих тарланбоз ақсақалдардың уәж-әңгімелеріне бар ниетімен
беріле, бұрын-соңды естімеген сөздер болса қойын дәптеріне жылдамдата
жазып, езі де реті келген тұста шежіре-шешендердің нақыл-ғақлияларын
төкпелей төге, мәслихатты қыздырып отырды. Оның Қорқыт жайлы кеңесі
Асанқайғы аңыздарымен алмасып, Әбунәсір Әл-Фарабидің трактаттарымен де
тоғыса, бүгінгі арманы айдан аса, аспан жұлдыздарымен қауышуды мақсат
тұтқан советтік ғалымдардың да дәлелді пайымдауларымен өзектесті.
Көңілді кездесу, салихалы сұхбат соңы сырымбеттік өнерпаздардың
асқақтата айтқан әндері мен күмбірлете тартқан күміс күйлеріне ұласты.
Шахаң бұл сапарында Біржан, Ақан, Ыбырайдың бірер әндерін қоңырлата айтып
берді.
– Ағайындар, – деген-ді ол домбыра шерте отырып, – атақты әнші Еркөкше
ағамыздың туған жиені Мұңайтпас Нөпілов, даусы қозы көштен естілетін
Қазыбектің ұрпағы Қазихан – бәріңнен менің өнерім аса алар түрі жоқ. Алпыс
деген ауылдан алыстап, жетпіске жақыңдағандықтан ба, кім білсін, соңғы бір-
екі жыл төңірегінде шабыстан тайынған тұлпардай адуынды айғайдан қалулымын.
Қарттық шіркін келгенде дауыс қасаңданып, кеудені қырыл-сырыл кеулейді
екен. Мұндайды бұрын біліппіз бе, түге!..
Атақты Бурабай. Окжетпестің етегі. Кезіндегі бұл сапарлары жөнінде
Әбділда Тәжібаев пен филология ғылымдарының докторы Мырзабек Дүйсенов баспа
беттерінде әсерлі әңгімелер жазғаны оқырмандарымызға мәлім.
– Беу, жарықтық Көкшетау! Атыңнан айналайын аталарымыз сені Арқаның
кербезі деп мадақтайды. Сенің осынау сұлулығың екен ғой – қазағымның
жерұйығы атануың. Табиғат қандай суретші! Иә, Шаха, айтқаныңның бәрі рас.
Көкшетау – жер жұмағы, Жеке батырдың басын жаудан қорғаған дулыға, оқ
өтпейтін тұмағы деп өлеңдетсек те болады екен.
Осылайша тебіренген Әбекең, Әбділда Тәжібаев;
– Қайынаға, аруақты бабаларымыздың қонысында домбыраны қолға алып
өзіңіздің әнші-артист болып жүргенде айтатын Қаракер, Қаратай деген
сияқты көпке онша таныс емес әсем әндерді шырқап жіберсеңіз қандай ғанибет!
– Ендігі кезек – ән мен күйге келсінші! – деген Қажахмет Балахметовтың
пікірін Сара апай, Сұлтан Досмағанбетов – баршамыз құптай Шахаңа қолқа
салдық.
Нұрахмет Ерқосаевтың үйінде Шахмет әңгімеден өнерге ойыса, домбыраны
күйге әбден келтіріп алды да, Арқаның аңқылдаған әндеріне басты. Оның
мақпал қоңыр үні барған сайын биіктей түсті. Бабына келген жүйріктей Шахаң
Қаракерді шырқай жөнелді. Аталмыш әннен жүрегі жаһат тапқан біз өзгені
ұмытқандай әсерлендік. Әнші Шахаң осы отырыста сауалымызды екі етпей тағы
да бірнеше әнді өзіндік мәнермен орындап берді.
XIX ғасырдың соңғы жылдары мен XX ғасырдың басында қазақ даласыңда
Россияның Петербург, Томск секілді ірі қалаларында оқып, орыс өнерінен,
білімінен нәр алған алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдерінің шыға
бастағаны мәлім. Олардың көпшілігі Ыбырай, Шоқандай аты барша жұртқа әйгілі
адамдар болмаса да, өз жеріндегі, ауылындағы жаңалық жаршысы, озық идеяны
таратушы, өз халқының жанашыры болды.
Жақында ғана қазақтың Академиялық драма театры сахнасында қойыла
бастаған драматург Шахмет Хұсайыновтың Сырымбет саласында атты еңбегі –
осы бір тарихи шындыққа негізделіп жазылған шығарма. Енді осы туындының
сахналық көрінісіне назар аударалық.
Сырымбет саласында – жас режиссер В.Пұсырмановтың театр сахнасындағы
үшінші еңбегі. Әлі ізденіс үстінде жүрген, творчество биігіне жаңа ғана ұша
бастаған жастың бұл да бірсыдырғы тәуір шықкан сәтті спектакльдерінің бірі.
Мұндағы сәттілік, тіпті батылдық деуге де болар, ең алдымен, режиссердің
бұрын-соңды үлкен рольдерде көріне алмай, өз талантын жұртшылық алдында әлі
де сарапқа сала алмай жүрген бір топ жас артистерді тарта білуінде ме
дедік.
Шығарманың негізгі кейіпкері Хұсайын Темірбеков – тарихта болған адам,
қазақ арасынан шыққан тұңғыш білімді дәрігердің бірі. Осы рольді ойнаушы
М.Сүртібаев пен Н.Жантуриндерді бәйгеге қатар салу да режиссердің
батылдығы. Өйткені М.Сүртібаев – жұртшылығымызға көбінше комедиялық
рольдерді жақсы игеруімен танылған қабілетті актер болса, Н.Жантурин –
батырлық, зұлымдық рольдерді ойнап көзге түскен актер. Ал, Темірбеков – бұл
екі актердің өз амплуасына келмейтін, мүлдем басқа тұлға. Әйтсе де
Сүртібаев -ті, Жантурин де шеберлік танытуда бір-біріне ұқсамай, әрқайсысы
өзіндік дарынмен көрінген. Рас, Темірбеков роліндегі Сүртібаев даусындағы
үнділік жағының жетіспеуі, сабырлы, байсалды адамның бейнесін
салқынқандылықпен ашуға біраз нұқсан келтіреді. Жантурин даусындағы табиғи
үнділіктің ол олқылықты толтырудағы орны бөлек. Бірақ алғашқы кезде қақ-
соқта жұмысы жоқ, революциялық іске белсене араласуды дәрігердің міндеті
деп есептемейтін салмақты, биязы Темірбековтің образын жасауда, қимыл-
қозғалыстағы, дауыс мәнеріндегі ізденістерінен сәттілік тапқан Жантурин бет
әлпеттегі, көз жанарындағы жылылықты әлі де болса тап баса алмаған. Кескін
қияпатында, көз жанарында Ягодан қалған зұлымдықтың, Қодардан шыққан
өркөкіректіктің ұшқыны көріне береді. Ол, сөз жоқ, сақалмен жауып,
көзілдірікпен бүркеуге келмейтін кемшілік.
Бұл спектакльде, көпшілік сахнада болмаса, басты рольдерде ойнай алмай
келген бір топ артистер көрінді дедік. Олардың ішінде Райхан роліндегі
Раушан Әуезбаева ерекше сөз етуге тұратын талант иесі. Әуезбаева үнінің
сұлулығы, мәнерлілігі, сонымен қатар әр сөздің ішкі мазмұнына, кестесіне
ерекше мән беріп, құбылта білетін өмірі, оның образ сырын ашудағы, характер
тереңдігін берудегі шеберлігіне сайма-сай. Райхан драмалық
шығармаларымыздағы сонғы тұлға десек, Әуезбаева соның табиғатын ойдағыдай
жеткізе білген. Салиха Қожақова да бұл рольге күрт келіп, тосыннан жақсы
алып шыққан қабілетті актриса. Бір ғана еске саларымыз: Қожақова оқыған
қыздың ызалы, кекті кезінде сәл қызбалылыққа беріліп кетеді екен. Яғни,
Салихаға салиқалық жетісіңкіремейді. Молтан бастаған тобырдың алдында ызаны
ызбарға, кекті кекесінге жеңдіретін Әуезбаева ойынында шындық, көркемдік
басым.
Айша роліндегі Н.Мышбаева да, Рабиға роліндегі М.Абдуллина да ауыр
қайғы жұтқан әйел бейнесін ойдағыдай шығарған. Орайы келгенде айтатын бір
жай – осы спектакльдегі Әуезбаева, Мышбаева, Қожақовалардай жастарды Баян,
Еңлік, Ақтоқты секілді басты рольдерде ойнатудың уақыты жеткен сияқты.
Бұлар – театрдың жарқын келешегі.
Жас актерлерден Әшімов, әсіресе, М.Мұратәлиевтің ойындарынан олардың әр
спектакль сайын өнердің жаңа бір қырынан келгенін байқасақ, Р.Сейітметов,
Ғ.Сүлейменов ойындарынан өсу, іздену нышандарын көре алмаймыз. Р.Сейітметов
бар рольдерінде Қозыдағы романтикалық сарыннан, Нартайдағы (Той боларда)
асқақтықтан айыға алмай жүр.
Б.Римова мен Ғ.Сыздықова сахнаға шығарған Зылиха бейнесі – спектакль
деңгейін көтеретін мақтаулы еңбек жемісі. … жалғасы