энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Атырауға барады

0

Куәгерлер зардап шеккендер бар екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Теңіз мұнай кен орнындағы оқиғаға байланысты Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов бүгін кешке Атырауға барады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек.

«Теңізшевройл» ЖШС ахуалды тұрақтандырып, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып отыр», — деді Жеңісбек.

Сондай-ақ, оқиға орнына облыс прокуроры, ҰҚК департаментінің, полиция департаментінің басшылары мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барған.

Желіде жаппай төбелестің видеолары тарала бастаған болатын. Жұмысшылар жабылып, араб азаматын соққыға жыққан.

Теңіздегі 3GI зауытының мыңға жуық жұмысшысының ереуіл жасағаны белгілі болды. Бұған Ливия азаматы Ели Даудтың (Eli Daoud) әлеуметтік желідегі суреті себеп болған. Ол фотода рация ұстап тұр. Ал рацияның антеннасы жанындағы қазақ қызының ерніне тигенін көруге болады.  

Бұл суретті намысқа тиеді деп есептеген жұмысшылар ереуілге шығып, араб қызметкерлерін соққының астына алды.



sputniknews.kz