Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғаны белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Білім және ғылым вице-министрі лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланды, пара алды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінді   

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот санкциясымен білім және білім вице-министріне күзетпен ұстау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.



sputniknews.kz