​Дәрігер 25 пациентті өлтірді деген күдікпен ұсталды

0

​Дәрігер 25 пациентті өлтірді деген күдікпен ұсталды

АҚШ-та интенсивті терапия бөлімшесінің дәрігері 25 пациентті өлтірді деген күдікпен тұтқындалды. Ол емделушілерге ауыртпайтын препаратты мөлшерден көп салған.


 
Дәрігер Уильям Хьюзел өз кінәсін мойындамаған және судья оған миллион доллар мөлшерінде кепіл тағайындаған.
43 жастағы күдікті емделушілерге шектен тыс шамада препарат салған. Өлімдер 2015-2018 жылдар аралығында болған.
Өткен жылдың желтоқсанында ол Маунт-Кармелдегі ауруханадан жұмыстан қуылып, медициналық лицензиясынан айырылған.
Дәрігер мен ауруханаға қарсы жиырмадан астам шағым берілген. Аурухана жария түрде кешірім сұрап, жүздеген мың доллар айыппұл төлеген.
 
Дереккөз: КорреспонденТ

reactor.inform.kz