Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталды

0

Нұр-Сұлтан полициясы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты ұстады. Бірқатар отандық басылымдар осындай хабар таратуда. Бірақ қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Дерек көздеріне сүйенсек, Біртанов қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында жатыр-мыс.

Алдын ала болжам бойынша, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы цифрландыруға бөлінген 526 млн теңгеге жуық қаражат жымқырды деген күдікке ілініпті.

ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ешқандай ақпарат жоқ. Біз бұл ақпартты әлі растамаймыз», — деп түсіндірді ҚМК отандық басылымдардың біріне берген жауабында.

Еске салсақ, осы жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов президент жарлығымен денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

stan.kz