«Эйр Астана» ұшағы Франкфурттан Атырауға жете алмай, Оралға қонды — Ел жаңалықтары

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Франкфурттан ұшып шыққан ұшағы Атырауға жете алмай, шұғыл түрде Оралға қонды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 желтоқсан түнде болған. «Сағат 22.40-та Франкфурт — Атырау бағытындағы ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі ақау туралы хабарлады. Сағат 23.22-де А321 НЕО әуе кемесі Орал әуежайына қонды», — деді ведомстводағылар.
Лайнер бортында 64 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қазіргі таңда әуекомпания жолаушыларды Орал қонақүйлеріне орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Бұл дерекке қатысты тергеу басталды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz