Астанада әкесі ұлын әскерге жібермеу үшін пара бермек болған

0
Астанада әкесі ұлын әскерге жібермеу үшін пара бермек болған


Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары парақорлық қылмысының жолын кесті.

Мерзімді әскери қызметке шақырылым жүріп тұрған кезде шақырылушылардың бірінің әкесі армияға шақыру мерзімін заңсыз жолмен кейінге қалдыруын сұрап, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасарына 150 000 теңге мөлшерінде пара бермек болған.

Әскери қызметші сол заматта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 1424 нөмірі арқылы хабарласқан.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлерінің шұғыл шаралары нәтижесінде шақырылушының әкесі қолындағы ақшасымен бірге ұсталды.

Айта кетейік, әскери қызметшінің Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес келеді. Оған сәйкес, жеке құрамның барлық санаттары арасында кез келген түрдегі параны алмайтын орта қалыптасып келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат