«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағына қатысты жағдай бойынша тексеру басталды

2018 жылғы 22 желтоқсан 00:45 409

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін сағат 22:40-та Франкфурт-Атырау бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлады.
Сағат 23.22-де А321 NEO әуе кемесі Орал қаласының әуежайына қонды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аваиция комитеті Фейсбук желісіндегі парақшасында.
Ұшақ бортында 64 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болды. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Орал қаласының қонақүйлеріне жолаушыларды орналастыру мәселесін шешуде. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz