Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде екі жаңа мектепке дейінгі мекеме ашылды

0

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтөбеде «Өркен» тұлғаны дамыту орталығы мен «Нұрзерек» бөбекжайы алғашқы тәрбиеленушілері үшін өз есігін айқара ашты. Салтанатты шараларға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

* Тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекет басшысының саясаты жас қазақстандықтарды бәсекеге қабілетті тұлға болуға тәрбиелеуге бағытталды. Өткен 27 жылдың ішінде сол үшін көп жұмыстар атқарылды. Бір ғана Ақтөбенің өзінде 21 мыңнан астам бүлдіршін барып жүрген 142 балабақша бар. Бүгінде қаланың мекетпке дейінгі мекемелермен қамтылуы — 98%, облыс бойынша 100%-ды құрайды. Жарын Ақтөбеде балалар мектепке дейінгі біліммен 100% қамтылады жоспарланып отыр. Бұл жағынан бізге соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыста ондаған балабақша ашқан әлеуметтік жағынан жауапты кәсіпркерлер көмектесуде. Оларға белсенділік таныстқандары үшін алғыс айтамын,-деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Бүгін ашылған мектепке дейінгі мекемелер де балабақшаны өте қажет ететін жерлерде жеке инвестициялар есебінен салынған.

Мәселен, «Өркен» тұлғаны дамыту орталығының төрт қабатты ғимараты Ақжар-2 тұрғын үй алабында орналасқан. Оның құрылысы мен жабдықталуына 500 млн теңге салынды. Орталыққа бір жарым жастан алты жасқа дейінгі 200 сәби баратын болады.

170 орынға арналған жаңа «Нұрзерек» бөбекжайы Батыс-2 шағын ауданының тұрғындарына қызмет көрсетпек. Аталмыш жоба құны – 560 млн теңге. Көркемдік-эстетикалық бағытта қосымша білім беретін кабинеттер, психолог, логопед, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің, топырақпен емдеу кабинеттері, гимнастикалық залдар бар. Ғимарат айналасындағы заманауи спорт алаңдары мен ойын кешендері орнатылған аумақтар да толықтай абаттандырылған.

Әрбір мектепке дейінгі мекеме балалардың мәдени және физикалық тұрғыда дамып, мектепке сапалы дайындалуларына қажет барлық құралдармен жабдықталған. Тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздіктеріне баса назар аударылған, яғни дамыту орталығында да, бөбекжайда да заманауи автоматты өрт дабылы, дыбыстық хабар жүйесі орнатылған.

«Қамшы» сілтейді