Эфиопияда 157 жолаушы отырған ұшақ апатқа ұшырады
Эфиопияда Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге ұшқан «Боинг-737» ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала дерек бойынша Ethiopian Airlines ұшағында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.
Авиакомпания таратқан хабарламада іздеу жұмысы жалғасып жатқандықтан әзірге қаза тапқандар мен тірі қалғандар саны туралы нақты дерек жоғы айтылады. Компания қызметкерлерін апат орнына жіберген.
Ал Эфиопия премьер-министрі әкімшілігі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.