WBC президенті чемпиондар арасында турнир ұйымдастыруды ұсынды

0

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурицио Сулейман чемпиондық белбеулердің иегерлері арасында ірі турнирді ұйымдастыруды қолға алмақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Қазір жағдай қиын, түсініксіз. Бокс жанкүйерлері мүлдем түсінбейтін жағдайға жетті. Чемпион біріктірген бірнеше белбеуінен айырылған кезде бокс қауымдастықтары өзара келісімге келе алмай қалады. Бұл боксқа зиянын тигізіп жатыр. Мен чемпиондар арасында турнир ұйымдастыруды ұсынамын. WBC WBA-ге қарсы, WBO IBF-ке қарсы секілді, — деді Сулейман Sirius XM Boxing радиосының тікелей эфирінде.



Дереккөз: prosports.kz/kz