Яндекс Go Қазақстандағы такси қызметінің бұғатталуына пікір білдірді

0

«Яндекс Go» баспасөзде жарияланған «Яндекс Такси» қызметінің бұғатталуына байлайнысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KzNews.

KzNews ақпарат агенттігіне хабарласқан «Яндекс Go» баспасөз қызметі сот шешімі компанияның қызметіне кедергі келтірмейтінін, компания апелляциялық шағым түсіріп жатқанын айтты.

«Бұл сот шешімі Яндекс.Таксидің Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоймайды. Біздің қызмет жұмыс істейді және жұмыс істей береді. Патенттік дауға келетін болсақ, компания апелляциялық шағым түсіріп жатыр» деді ресми өкіл Нина Яровая.