Измирдегі жер сілкінісі кезінде 24 кісі қайтыс болды

Измирдегі жер сілкінісі кезінде қайтыс болғандар саны 24-ке жетті, Түркияның батысында 804 тұрғын зардап шекті.
Бұл туралы Түркия үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару жөніндегі басқармасы (AFAD) хабарлады.
AFAD мәліметтері бойынша, қуатты жер сілкінісінен кейін [магнитудасы 6,6], 4 баллдан жоғары 341 әлсіз жер сілкінісі болған.
Грецияда, Самос аралында шамамен 20 адам жарақат алған.