Home Білім Омыртқалылар туралы слайд (презентация) | туралы қазақша

Омыртқалылар туралы слайд (презентация) | туралы қазақша

0
181

Слайд омыртқалылар дүниесімен таныстыра отырып, көрнекі суреттермен құрылысына басым назар аудартады. Кембрий мұхиттарында пайда болғаннан бері қазіргі кездегі алуантүрлі омыртқалылар фаунасының тарихына жарты миллиардтан астам уақыт өтті. Бұлардың эволюциясының бастапқы этаптары жайында деректер аз. Олардың алғашқы формалары және тікелей тектері жүмсақ денелі организмдер болуы сөзсіз, осыған орай қазба қалдықтары сақталмаған. Қазба қалдықтарының сақталуына тек сүйектер, қабыршақтар мен тістер пайда болған соң ғана мүмкіндік туды. Қиялдағы омыртқалылар тегінің денесі үш бөлімнен: бас, тұлға және құйрықтан тұрған, олардың арасында шекара болмаған. Бұлар — белсенді түрде жүзетін ұзындығы 10 см-ден аспайтын хордалыларға тән белгілері бар организмдер. Слайд беттерінен Хорда, миомерлер мен миосепталар миохордальды жиынтық қүраған, хорданың үстінде жүйке (нерв) түтігі орналасқан, одан қозғалтқыш және сезгіш (сенсорлы) нервтер тараған. Жүйке түтігі алдыңғы жағынан кеңейіп ми түзілген, ол маманданған жұп иіс-сезу, көру, тепе-теңдік сақтау және бүйір сызығы органдарымен байланысқан. Омыртқалылардың тектерінде жақтары болмаған, олар майда жемтікті тұтастай жүтып белсенді қоректенген. Кең көлемді жүтқыншақ желбезек саңылауларымен тесілген; қантасымалдау жүйесінің орталығы — жүрек құрсақ жақта орналасқан, тұйық; зәр шығару жүйесі денесінің алдыңғы жағында сегментті орналасқан нефрондар болуы мүмкін.

Бұл слайд мынадай зерттеулер жүргізеді. Норкатт пен Ганс пікірі бойынша қарапайым омыртқалылардың личинкалық (дернәсілдік) стадиясы жақсы дамыған, сүзгіш планктон, ересектері белсенді, жыртқыштық жолмен тіршілік еткен. Омыртқалылардың дефинитивтік белгілері, мысалы, ми, маманданған сезім мүшелері мен сүйекті қаңқаның пайда болуын Норткатт пен Ганс омыртқалыларға тән тканьдардың үш типімен байланыстырады. Ең алдымен, олар нерв қыры (тарағы) клеткалары, эктодермальды плакодтар, сонымен қатар ауыз, жұтқыншақ пен ішектің бұлшық еттері және тамыр жүйесінің элементтері дамитын бұлшық ет гипомері. Бұл бұлшық етті жүректің қалыптасуын жәңе метоболизм қарқындылығын күшейту үшін маңызды қорек пен судың активті тасымалдауына себебін тигізеді. Презентация жүктеу үшін соңындағы сілтемеге өтіңіз.

Скачать / Жүктеу

#Омыртқалылар #туралы #слайд #презентация

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз