Із-түссіз жоғалған: павлодарлық тұрғын өлі күйінде табылды
Павлодарда 22 қаңтарда жоғалып кеткен жергілікті тұрғын Роман Малаховтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 10 шамасында ол Бестужев көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Тұрғын туралы бұдан басқа мәлімет жоқ. Жігіттің анасы ұлын тауып беруді өтініп полицияға жүгінген. Бірнеше сағаттан кейін «Вита» отрядының іздеу волонтерлері әлеуметтік желілерде ер адамға іздеу салынғаны жөнінде хабар таратқан.
Сырттағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, ықшамаудан тұрғындары мен Романның туыстарымен пікірлескен арнайы мамандар ер адамның болған жері туралы ешқандай мәлімет таппады.
Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер көшелер мен подъездерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздеу бірнеше күнге созылды.
23 қаңтар күні сағат 16.00-де Ертіс өзенінің жағасынан ер адамның мәйіті табылды. Павлодар тұрғыны 35 жасқа толмаған болып шықты.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын себебі – гипотермия болды.