Италия премьер-министрі отставкаға кетті

0

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте өз қызметінен кету туралы өтінішін президент Сержио Маттареллаға берді.

Rai News 24 телеарнасының хабарлауынша, мемлекет басшысы оған өз міндеттерін орындауды жалғастыруды ұсынды.

Президенттің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі әлі таратылған жоқ.

Италияда басқарушы коалициядағы партиялардың бірі үкіметтен шыққаннан кейін саяси дағдарыс басталды. Елдің бұрынғы премьер-министрі және «Тірі Италия» центристік партиясының жетекшісі Маттео Ренци оның партиясының екі министрі үкіметтен кеткенін айтты. Басқарушы коалицияның күйреуі нәтижесінде қазіргі премьер-министр Джузеппе Конте Италия Сенатындағы көпшіліктен айырылды.

Итальяндық БАҚ Маттарелла сайлау өткізбеуге, Контеға үшінші рет үкімет құруға нұсқау беруге бейім дейді.