IT маман WhatsApp қолданбай тұрып көңіл бөлуге тиіс үш маңызды функцияны ескертті

0
295

Хат жазып, сурет, видео және аудио жіберуге мүмкіндік беретін WhatsApp мессенджері қолданушыларының көптігі жағынан әлемде көш бастап тұр. Алайда мамандар бұл қосымшаны хакерлердің оңай бұзып кіріп жатқанына алаңдаулы.

Wickr құрастырушы компанияның атқарушы директоры Джоэл Валленсторм WhatsApp мессенджерін қолданбай тұрып үш нәрсені өзгертуге кеңес берді.

WhatsApp мессенджерінде «екі қайтара тексеру» енгізу мүмкіндігі бар: кірер кезде 6 таңбадан тұратын қосымша құпия таңба енгізесіз. Бұл жаңа телефонға WhatsApp көшірген кезде келетін код емес. Хакер бөтен адамның аккаунтын иеленсе де, бұл қосымша таңбасыз процесті аяқтай алмайды.

Оны орнату үшін «настройки» — «учетная запись» — «двухшаговая проверканы» таңдап, құпия код орнатуға болады. Ал оны ұмытып қалған кезде қайта қалпына келтіру үшін электронды пошта енгізесіз.

Екіншісі — чатқа фото және видео жолдаған кезде олардың бірден телефонға сақталуы. Бұл ыңғайлы болса да, қауіп төндіреді. Өзіңіз жақсы білетін адамдардан ғана келген сурет, видеоларды сақтаған дұрыс.

WhatsApp мессенджеріндегі мультимедиялық файлдар қауіпсіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ кей жағдайда құрылғыға зиянды вирус енгізетін кодтары бар файлдары әдейі жіберіледі.  Әдетте мұндайдан кейін гаджеттер істемей қалады.

«WhatsApp мессенджеріне келген суреттің бірден сақталуы — есікті кім көрінген адамға ашып қойғанмен бірдей», — дейді «ESET» қызметкері Джейк Мур.

«Check Point» өкілі Экрам Ахмед медиафайлдардың бірден жүктелуі — телефоныңызға арам ниетті адамдардың трояндық жылқы секілді кіруімен тең, дейді. Мұны болдырмау үшін «настройки» — «чаты» — «автоматически сохранять полученные фото и видео в фотопленку» қызметін өшіру қажет.

Ал үшінші жеке ақпараттардың таралып кетпеуіне қатысты. «Настройки» — «учетная запись» — «конфиденциальность» жазуын басып кіріңіз. Сол жерде өзіңіздің желіде соңғы рет қашан болғаныңызды көре аласыз. Сондай-ақ, сол жерден сізге қатысты мәліметті кім көре алатынын және сізді топқа қосуға кімге құқық беретініңізді өзіңіз шешесіз.