«Несі бар, достойно!»: Ләйлә Сұлтанқызы Жұлдыз Әбдікәрімова туралы

Қайрат Нұртастың әйелі "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысып жатыр

0
356

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлемдік байқауға Қазақстанның атынан қатысып жатқан Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді.

«Құдай-ай, біреудің мінін іздегеннен бақытты болып кететін болсақ, біраз адам қазір бақыттан басы айналуы тиіс еді. Жаңа @zhuldyzabdukarimovaofficial керемет бір байқауға қатысып жатқанын жаңалықтар порталынан оқып, кәдімгідей қуанып қалдым. Несі бар, достойно! Қатыссын, бағын сынасын, жеңіп шықсын. Ал комменттер масқара енді.

Сәттілік тілеп, дауыс берудің орнына іштарлық танытқандар көп. Жұлдыз керемет жансың, анасың, аяулы жарсың, мықты келінсің.

Әйел ретінде барлық миссияңды орындадың деп ойлаймын. Елдің намысын қорға десе, несі бар мен де қатысар едім, сәл жасым мен бойым келмей тұр-ау», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.