Ішкі істер министрі Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады – фото

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сыйлық қазақ ғарышкері әрі парламент сенатының депутаты Талғат Мұсабаевқа Космонавтика күніне орай жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі сенатор Талғат Мұсабаевты өткен ғарышкерлер күнімен құттықтап, атаулы тапанша табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ІІМ басшысы авиация генерал-лейтенанты Мұсабаев ашық ғарышта 341 күн 9 сағат 46 минут болғанын атап өтті.

«Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша сізді елге сіңірген еңбегіңіз үшін құттықтап, тапанша тапсырамыз. Сіз өз атыңызды біздің республикамыздың тарихына лайықты енгізе білдіңіз», — деп құттықтады Тұрғымбаев.

Талғат Мұсабаев үкіметтің сыйлығын қабылдай отырып, министрге алғысын білдіріп, «Тапаншасыз жүруге болмайды» деп қалжыңдады.


©
Photo : скриншот онлайн-трансляции заседания сената

ІІМ басшысы Талғат Мұсабаевқа тапанша сыйлады

Айта кетейік, бүкіл әлемде Ғарышкерлер күні 12 сәуірді аталып өтеді.

Талғат Мұсабаев ғарышқа алғаш рет 1994 жылы, содан кейін тағы екі рет – 1998 және 2001 жылдары ұшты. Үш рет ашық ғарыш кеңістігіне шығып, 41 сағат 15 минут болды.   



sputniknews.kz