«Ішімдіктен бас тарттым, Алланы таныдым»: Нұртас Адамбай тура жолға түскенін айтты
Танымал продюсер және талантты актер Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Актер Аллаға деген сенім оның көп нәрсеге басқаша қарауға көмектескенін жасырмады. Көзқарасының өзгеруіне себеп болған оқиғалар туралы Адамбай фильм түсірмек.
Жанкүйерлері Нұртас Адамбайдың арықтап, позитивті бола бастағанын айтады. Көпшілігі оның алкогольден қалай толық бас тартқанын сұрады.
«Бұрын алкоголь ішкенмін. Қазір жоқ. Бұған таза өмір сүруге деген талпыныс түрткі болды. Мен ешқашан көп ішімдік ішкен емеспін, бірақ сонда да таза жолға келгім келді», — деп жазды актер.
Оқырмандары продюсердің үлкен қарызы бар-жоғын да сұрады.
«Бірде мен ипотекаға пәтер сатып алдым. Бұл жағымсыз сезім. БІрақ мен мерзімінен бұрын төлеп тастадым», — деді ол.
Қандай оқиғалар актерді өзгеруге итермеледі деп сұрады көпшілік.
«Бір күні, Алла қаласа, мен бұл туралы фильм түсіремін», — деп уәде берді.
Өзіне деген сенімін жоғалтқан және өмірінде тыныштық таба алмайтындарға Нұртас Аллаға жүгінуге кеңес берді. Ол Құдіреті шексіз ең жақсы психолог екенін атап өтті.
Нұртас Адамбай “өмірді абыроймен өткізу – мақсатым», — деді.
Актердің айтуынша, бақытты болу үшін бірінші болудың қажеті жоқ, жүрегіңде Құдайға деген сүйіспеншілікпен болса, жеткілікті.