Home Жаңалықтар «Сүлеймен сұлтан» сериалында ойнаған актриса қайтыс болды

«Сүлеймен сұлтан» сериалында ойнаған актриса қайтыс болды

0
9741

Ол Қазақстанда «Сүлеймен сұлтан» сериалы көрсетіле бастаған кезде танымал болған еді

Түркиялық актриса Сабина Тозия 75 жасына қараған шағында көз жұмды.

Бұл туралы Хюррем-сұлтан рөлін сомдаған Мерием Өзерли жазды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен сені жақсы көремін. Біз үш керемет жобада бірге жұмыс істедік. Кеше сен өмірден оздың. Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей», – деп жазды ол.

© PHOTO
«Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей», – деп жазды Өзерли

Өлімнің себебі нақты айтылған жоқ. 2021 жылдың басында актрисаға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі.

Оған сәтті ота жасалды. Алайда денесінің кей бөлігі сал болып қалды.

Актриса Сабина Тозия
«Сүлеймен сұлтан» сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Солтүстік Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген.

2011-2014 жылдары көгілдір экранға шыққан «Сүлеймен сұлтан» сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады.