Іс жабылды: Қызылордада бизнесменнің ұлы көлікпен адам қағып өлтірсе де, ешкім жазаланған жоқ – Қазақстан жаңалықтары

0

2019 жылдың ақпан айында апатқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі жүргізуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген.

 

22 жастағы Саида Абдулла 2018 жылдың 28 желтоқсанында Қызылордада жол апатының құрбаны болды.

Бірнеше ай өтті, бірақ әлі күнге дейін қайғылы оқиға үшін ешкім жазаланған жоқ, – деп хабарлайды Stan.kz yunews.kz.сайтына сілтеме жасап.

Саида Абдулланы 14 жастағы бала қағып кетті. Бизнесменнің ұлы дүкенге шыққан қызды жаяу жүргіншілер жолағында қаққан. Бойжеткен қатты соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кетті. Бас-ми жарақатын алды. Ауруханаға бір сағаттан соң жеткізіліп, төрт күн өткенде көз жұмды.  

2019 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қозғалды. Алайда қызды қаққан бала 14 жаста болғандықтан, кәмілет жасына жетпегендіктен қылмыстық іс кейінге қалдырылды. Кейін біржола жабылды. 

Баланың анасы ұлының көлікті рұқсатыз алып кеткенін айтты. Анасының ұлына көлік кілтін беріп жатқанын көрген адам жоқ болғандықтан, анасының кінәсін дәлелдеу мүмкін болмады.  

«Адам өледі, бірақ оған ешкім жазаланбайды. Сонда кәмілетке толмаған бала көшеде көлік айдап, адам өлтіріп жүре бере ме? Тіпті, бірер тәулікке қамалған да жоқ. Көлігін қайтарып алып, қайта мініп жүр. Анасы көлік кілтін бермегенімен, ұлы қалай да оны айдап кеткен. Ол үші жауап беру керек қой», – дейді адвокат Бауыржан Азанов. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз