Тоқаев Путинмен не туралы сөйлескенін айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Мәскеуде өткен келіссөздер аясында білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейінің жоғары екені айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Қазақстан мен Ресей басшылары білім саласын жоспарлы түрде дамытуға уағдаласты. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесуінде айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары тату көршілік және одақтастық негізде жемісті дамып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздермен Нұр-Сұлтан қаласында жүздескеніме қуаныштымын. Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы елордада екі мыңыншы жылдары ашылды. Бүгінде қазақстандық студенттерге сапалы білім беріп отырған бұл оқу орны табысты жұмыс істеуде. Жақында Мәскеуде өткен келіссөздер аясында Владимир Путинмен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін атап өттік, сондай-ақ оны жоспарлы түрде дамытуға уағдаластық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс білдірді. В.Садовничий екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы көп жылдық байланыстардың жемісті болғанын атап өтті.

«Менің Қазақстанға деген ықыласым ерекше. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінде сұранысқа ие, білікті кадрларды даярлауға зор үлес қосқанын мақтан етемін», – деді Виктор Садовничий.

Сонымен қатар, тараптар екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.



sputniknews.kz