Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт кешендері салықтан босатылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және спорт кешендерін бір жыл мерзімге мүлік салығын төлеуден босату ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында салық жеңілдіктері туралы айтты. 

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және спорттық нысандар. Бұл санатты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мүліктік салықтан бір жыл мерзімге босату ұсынылады. Бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтата тұру. 3 тоқсан үшін салық есептілігінің мерзімін ауыстыру», — деді Дәленов.

Қазақстанда 13 наурыздан бастап барлық бұқаралық іс- шаралар тоқтатылды, оның ішінде кинотеатрлар, сауда-ойын -сауық орталықтары жанындағы балалар ойын алаңдарының жұмысы тоқтатылды.

Ірі сауда объектілері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ал азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді.

 

stan.kz