Доллар ақша айырбастау пунктерінде 440 теңгеден сатылуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Доллар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 439,5-440 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Доллар курсы рекордтық көрсеткішке жетті

Kurs.kz-тің хабарлауынша, 9:30-да Нұр Сұлтандағы жеке айырбастау пунктерінде американдық валюта 440 теңге тұрады. Алматының айырбастау пунктерінде доллар 439,5 теңгеден сатылуда. Сатып алу бір доллар үшін 435-437 теңге аралығында белгіленді.

Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми курсы 434,59 теңгені құрады.

16 наурызда қазақстандық биржаларда доллар бағасы 450 теңгеге жетті.

Ұлттық банк базалық ставка мен сыйақы ставкаларын жылдық 12 пайыз деңгейінде ұстап тұру туралы шешім қабылдады.

Сарапшылардың айтуынша, COVID-19 коронавирусының таралуы, сауда соғыстарының салдары және геосаяси шиеленістердің өсуіне байланысты қалыптасқан белгісіздік пен қауіп-қатерлер жағдайында әлемдік экономиканың айтарлықтай және тұрақты баяулауы күтілуде. Әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы жаһандық дағдарыстан кейінгі ең нашар болуы мүмкін. Дүниежүзілік қор биржаларындағы көрсеткіштер инвесторлар арасындағы теріс күтулер нәтижесінде соңғы 30 жылдағы ең үлкен құлдырауды көрсетті.

stan.kz