Ираннан әкелген зиянды 62 тонна қияр жойылды — Қазақстан жаңалықтары

0

огурцы

Бұл туралы министрліктің сайтында жарияланды. 

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылыпты.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес,  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр  тәркіленіп, дереу жойылды.

stan.kz