Ирандық снайпер түсіріп алған Әзірбайжан президентінің фотосы таралды

Иран шекарашылары снайперлік қарудың дүрбісімен түсіріп алған Әзірбайжан президентінің фотосын «Репортер» басылымы жариялады.
Фотодан президенттің жары Мехрибан ханымды да байқауға болады.

Әзірбайжан президентінің баспасөз хатшысы таратқан мәліметке сенсек, Ильхам Алиев Худаферин көпіріне арнайы барып, ту тікті. Сондай-ақ олар Араз өзенінің бойымен серуендеген.
Фото түсірілген ракурс Иран аумағына тиесілі және де Әзірбайжанға ең жақын нүктелердің бірі.
Фотодан президенттің жеке күзеті мен кортежін де байқауға болады.