«Ғайыптан оралғандар аншлагы»: Дариға, Тас және Елбасының «оң қолы»

0
185
Сурет: ia-centr.ru, repost.uz, kff.kz

Бірден үш атышулы «отставкашылар» — Дариға Назарбаева, Иманғали Тасмағамбетов және Әділбек Жақсыбеков — саясатқа қайта келіп жатыр немесе оралғысы келеді.
Әділбек Жақсыбековке директорлар кеңесінің орнын Дариға Назарбаеваның азаматтық (ешкім нақты білмейді) күйеуі Қайрат Шәріпбаев босатып берді.

Корпоративтік заңға сәйкес, директорлар кеңесінің басшысы болу, тіпті, басты деген компания жетекшісінің портфелін алудан әлдеқайда артық. Директорлар кеңесі бір ғана акционер алдында жауапты, бұл жағдайда — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алдында, ҚТГ жұмысын жіті бақылап, тиімді басқарады. Ол стратег және өзінің шарттарын айтып отырады — қай бағытта даму қажет, қандай тиімді келісімдерді жүзеге асыру қажет және т.б.

Теориялық жағынан бас директор, әрине, бамбук шегіп отыра алады, алайда бұл ұзаққа созыла қоймайды. Ол барлық оперативтік қызмет үшін жауапкершілік алға міндетті.

Осы міндеттерді ескерсек, квази- саласы болса да, Әділбек Жақсыбековтің билікке күтпеген жерден келгенін көреміз, десе де мемлекеттік секторда Қайрат Шәріпбаев сатылай төмендеді.

Бірақ бұл ауыс-түйістің бекер жасалмай отырғаны түсінікті.

Қайрат Шәріпбаев — газ секторына жаңадан келген жоқ, бірақ бұл жерде ұзақ жұмыс істемеді — жалпы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Алайда ол 6 жыл бұрын ҚТГ бас директоры болып тағайындалды, араға бір жыл салып — директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сондықтан ол қайда қайтып келгенін біледі.

Бәлкім ол бар болғаны директорлар кеңесінің портфелін Әділбек Жақсыбековтің қолына табыстау үшін төмендеген болар.

Нарықтағы көптеген сарапшы корпоративтік басқарудың — тым қымбат ойыншық екенін айтады. Ол басқарушылар мен олардың еңбегінің бағасын санын еселеп арттырды. Бірақ мұның компания бағасына еш әсері болмаған-ды.
Қалыпты корпоративтік басқармадағы компанияның бірінші құндылығы болуы тиіс деген ашықтық біртүрлі бұлыңғырлау.

Бастапқыда директорлар кеңесі төрағасының қызметі шетелдік мамандардың теңдесіз тәжірбиесін алу үшін ойлап табылған. Көптеген компанияда осылай болды, алайда, 66 жастағы Жақсыбековтің директорлар кеңесі болып тағайындалуы бұл қызметтің «ағашкаларға» арналған синекураға айналуына алып келмесе болғаны.

Zonakz.net сайтынан ықшамдап аударылды