Иранда тұрғындар коронавирус жұқтырған науқастар бар деген аурухананы өртеп жіберген – Қазақстан жаңалықтары

0

Иранның Бендер-Аббас қаласындағы жергілікті тұрғындар коронавирус ауруымен ауыратын науқастарды жеткізгені туралы қауесет шыққаннан кейін аурухананы өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Al Arabia-ға сілтеме жасап. 

коронавирус

 

Қала тұрғындары арасында көршілес Кум қаласынан келгендер адамдардан вирус жұқтырып жатыр деген қауесет тарай бастаған. Кумды Ирандағы коронавирус эпицентрі деп санайды. Аурухананы өртемес бұрын тұрғындар митинг ұйымдастырған. Кім зардап шегіп, қаза тапты – белгісіз.                                                              

 

 

Fars агенттігі коронавируспен ауыратындарды Бендер-Аббасқа тасымалдау туралы деректер қауесет деп хабарлайды. Аурухана басшылығы бұл ақпараттың жалған екенін растады. Сонымен қатар, мұнда мекемедегі коронавирус ауруларына арналған арнайы бөлімше бар екенін атап өтті.



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз