Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты
https://sputniknews.kz/images/1245/48/12454810.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/video/20200104/12455046/Iran-general-Suleymani.html
Қолбасшы Касем Сулеймани туған Керман қаласының тұрғындары да жұма күні генералды еске алу үшін жиналыпты
Иранның мыңдаған азаматы Тегеран, Керман мен Тебриз қалаларының көшелеріне шықты. Олар бұл қадамға Америка Құрама Штаттары билігінің эль-Кудс арнайы бөлімшесінің қолбасшысы, генерал Сулейманиді қасақана өлтіргені туралы жаңалықтан кейін барған.
Тағы оқыңыз: «Астана-13»: Ресей, Түркия және Иран қандай келісімге келді
Атап өтсек, Сулеймани жұма, 3 қаңтар күні Багдадтың халықаралық әуежайы ауданында АҚШ-тың зымыран шабуылы кезінде қаза тапты. Бұған қоса, әуе шабулынынан ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Аль-Хашд аш-Шааби Абу Махди аль-Мухандис мерт болды.
sputniknews.kz