Иран ұшақ апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елдің азаматтық авиация ұйымының есебінде «лайнер жерге соғылғанға дейін» өртенді» делінген екен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Иран билігі Тегеранда құлаған «Украина халықаралық авиалиниялары» компаниясының украиналық ұшағы апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Елдің азаматтық авиация ұйымының есебінде «лайнер жерге соғылғанға дейін» өртенді» делінген.

«Куәгерлердің мәліметіне сай, ұшақтан от көрінген және ол оның фюзеляжы (корпусы – Sputnik) бойына тараған», – деп нақтыланған құжатта.

Ведомство дерегіне сәйкес, лайнердің ұшу траекториясы ақау пайда болғаннан кейін экипаж ұшақты әуежай жаққа кері бұрғанын көрсетеді. Бұл жағдайда ұшқыштар бортта төтенше жағдай туындағанын хабарламапты.

Қайғылы оқиға кеше таңертең болды. Киев бағытындағы «Украина халықаралық авиалинияларының» Boeing 737-800 ұшағы Имам Хомейни атындағы әуежайдан әуеге көтерілгеннен кейін біраз уақыттан соң құлады.

Тағы оқыңыз: Тегерандағы ұшақ апатында қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Ирандағы украиналық лайнер апатынан 176 адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе апатына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз