Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды», — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
- Алматы қаласы – 1373,
- Шымкент қаласы – 244,
- Ақмола облысы – 106,
- Ақтөбе облысы – 176,
- Алматы облысы – 180,
- Атырау облысы – 279,
- Шығыс Қазақстан облысы – 51,
- Жамбыл облысы – 176,
- Батыс Қазақстан облысы – 269,
- Қарағанды облысы – 217,
- Қостанай облысы – 62,
- Қызылорда облысы – 233,
- Маңғыстау облысы – 116,
- Павлодар облысы – 148,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
- Түркістан облысы – 199.
Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.
«Кіріме дейін жуды»: Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты
sputniknews.kz