Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның бас хатшысы болып тағайындалды
Ресейдегі Қазақстанның экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық келісім туралы шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Тасмағамбетовты бас хатшы лауазымына қою туралы шешім Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде айтылды.
Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. 2020 жылы ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалған Беларусь өкілі Станислав Зася отставкаға кетті.
ҰҚШҰ бас хатшысы 3 жыл сайын ауысып тұрады.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Қатысушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік проблемаларын, сондай-ақ Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылады.
ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет кіреді – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.
Еске салсақ, Иманғали Тасмағамбетовтың бас хатшы лауазымына тағайындалуы туралы бірнеше дереккөз растаған болатын.