Дариға Назарбаева саясатқа араласса, қолдау керек — Ғалымжан Жақиянов

0

Дариға Назарбаева саясатқа араласса, қолдау керек. Бұл пікірді саясаткер Ғалымжан Жақиянов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дариға Назарбаева саясатқа араласам десе, қолдау керек. Өйткені, оның өзінің қылмыс жасағаны болмаса, оны неге саясатқа араластырмайды. Мүмкін оның айтар пікірі бар шығар. Мүмкін оның қазіргі Тоқаевтың жасап жатқан “супер президенттік республиканы жалғастырамын” деген сөзіне қарсы пікірі бар шығар.

Дариғаның өзі “елімізге демократия керек, елімізге парламенттік республика керек”,  деп ұран шығарса, оны біз неге қолдамаймыз?!

Бәрінің бір-ақ ойы бар. “Назарбаевтың дәуірі кетті. Осы адамдарды мемлекеттен шығарып тастайық, жолатпайық”, деген сөз дұрыс емес. Біз жүйені өзгертеміз, бірақ өз адамдарымызды қуып салып, құртып жіберуге болмайды. Осы елдің азаматы болса, осы шаруаға араласуға құқығы бар азаматтардың бәрін араластыруымыз керек”,- деді ол.