«Иісі бар киімдерін жумай сақтап қойдым»: Тоқтар Серіков марқұм анасы жайлы сыр шертті

0

Тоқтар Серіков өмірде қанша өссең де, ата-ана атансаң да өзің бала болып еркелей алу үлкен бақыт екенін айтты. Ол ата-анасына ел алдында еркелеп, отбасында балалары күлетін сәттер болғанын «1001 түн» бағдарламасында есіне алды, деп жазды KYN.KZ .

«Әлеуметтік желіге тараған суретті ол кісі дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ анама қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін. Бұл ісіме Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Мәңгілік сағыныш қой.

Балаларым әкесі мен анасын мен сияқты сүйсе, Бейбіт сияқты құрметтесе болды. Үйде анам мен әкемнің соңғы киген киімдері тұр. Жуғызбаймын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын», — деді Тоқтар Серіков.

Фото: Инстаграм. Тоқтар Серіков анасымен