Иіс сезбей қалған адамдарда коронавирустан бөлек қауіпті ауру болуы мүмкін
Иіс сезбей қалған, қабілетінен уақытша айырылған адамдарды коронавирустан бөлек қауіпті ауру күтіп тұр. Бұл туралы ресейлік дәрігер Алена Парецкая айтты.
«Комсомольская правданың» жазуынша, иіс сезбей қалған адамдардың көбі өзін коронавируспен ауырдым деп санайды. Алайда коронавирустан бөлек, қауіпті ауру болуы мүмкін. Мысалға алатын болсақ «Альцгеймер» ауры.
«Егер адам біртіндеп иіс сезу қабілетін жоғалта бастаса, бірақ біраз уақыттан соң иіс сезуі қалпына келсе, бұл инфекциялардан немесе аллергиялық реакциядан туындаған болуы мүмкін. Сондай-ақ, иіс жоғалту гормоналды дисбаланс, тіс ауыруы немесе радиациялық терапияның салдары ретінде болуы мүмкін», – деді дәрігер Алена Парецкая.