Әйгілі жапон иті Хатиконың хикаясы Қарағандыда қайталанды

Жұрт жүрегін елжіреткен иттің иесі істі болып, түрмеге түскен екен

0
73

Қарағандылық «Хатико». Бүкіл әлем жұртының ет жүрегін елжіреткен әйгілі жапон итінің хикаясы Қарағандыда да қайталанды. Тек бұл жолғы оқиға сәл өзгерек болды. Иттің иесі істі болып, түрмеге түскен. Осыдан кейін қараусыз қалған ит тергеу изоляторы маңын торуылдаумен болған. Ақыры түрме қызметкерлері оны кинологиялық қызметке пайдалануды ұйғарған екен, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қазір Верта қайтадан ерке қылықтарын таныта бастапты. О баста жүні жығылып, жанарына мұң орнаған ит өзінің досы әрі қожайынын іздеп, түрме маңын тіміскілеумен болған. Тіпті жүдеп, күйі күн санап нашарлапты. Осындағы кинологтар сан мәрте қуса да, қайта келіп алған иттің адалдығына сүйсініп, олар оны өз қамқорлығына алады.

«Ең бастысы, күзетке, сосын ізге саламыз. Есірткі іздеуге үйретеміз. Өзі өте иісшіл ит. Жас шамасы 1,5 жылдық, әлі жас. Ең бастысы, шыдамдылық керек. Бұл итте шыдамдылық бар», – дейді кинолог Жәнібек Кәртай.

Тергеу изоляторында 4 кинолог бар. Олар иттің мінезін бақылап, қандай қызметке бейім екенін анықтайды. Мысалы, бұл жерде күзет қызметі, қашқан адамды иісі арқылы іздеу, есірткі заттарын табу сынды бағыттар бар. Вертаны да іске жұмылдырмас бұрын, алдымен төрт аяқтыны ресми балансқа алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазір құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бәрі дұрыс болса, ҚАЖД арқылы өз балансымызға аламыз.  Кинологтар қазірше өз есебінен барлық егу жұмыстарын жүргізді. Асханадан артық қалған тамақпен тамақтандырып жатырмыз. Бастысы, айтқанға көнеді. Мұндай ит біздің жүйеге таптырмас көмекші болмқ», – дейді тергеу изоляторы басшысының орынбасары Есімжан Байтасов.

Жалпы, тергеу изоляторында 11 ит бар. Олар территорияны периметрлік тұрғыда күзетеді. Себебі түрме маңына тыйым салған заттарды лақтырып кететін заңсыз әрекеттер жиі кезедседі екен.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз