ІІМ Қордай ауданында қаза тапқан қазақ жігіті туралы мәліметті растады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

21 0 0

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қордай ауданында қаза болған Дархан Әбдірахым туралы ақпаратты растады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Қордай ауданындағы тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар арасында Масанчиге басқа ауылдан келген бір адамның болғанын растап отыр.

«Мерт болған Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол қазақ. Туыстары әлі күнге дейін оның өлімі туралы құжатты алған жоқ. Ол қақтығыс болған түні ауданның басқа тұрғындары сияқты Масаничге көмекке шығып кеткен. Жігіт 25 жаста болған. Ол жерде жатқан күйінде табылған, қан көп болған. Машинаға зақым келген, құжаттары жоғалған. Ол отбасының жалғыз баласы еді. Дарханның артында үш баласы қалды. Машина кредитке алынған. Оның ата-анасына жергілікті атқарушы органнан әлі ешкім келмеген. Журналистер де болмаған. Кешеден бері қайтыс болған жас жігіттердің аты-жөні жарияланып жатыр. Неге Дархан туралы ештеңе белгілі болмады?», — деп жазды журналист Азамат Ерғали Facebook-те.

Тағы оқыңыз: Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы – оқиға орнынан суреттер

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың ішінде 25 жастағы Дархан Әбдірахымның де бар екенін растады.

«Иә, Дархан Әбдірахым бар», — деді Нұрділдә Ораз Sputnik тілшісіне.

Бұған дейін Қордай ауданы Масанчи ауылындағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сегіз адамның аты-жөні жарияланған болатын. Одан кейін тағы екі адамның мерт болғаны туралы белгілі болған еді.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр» деген ақпарат түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратты.

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза тапты. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жүздеген адам жарақат алды. Қырғызстан жаққа өтіп, емделіп жатқандар да бар. Жаппай тәртіпсіздік кезінде үш полицейге оқ тиді.

Тағы оқыңыз: Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді

Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданған. Кеше сағат 21:00-ден бастап Қордай ауданында төтенше жағдай енгізілген.

Кеше ұсталған адамдардың көбісі босатылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр. 



sputniknews.kz