Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылып, сабақ тоқтады

0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 ақпанда Қазақстанда бірнеше бағыттағы тас жол уақытша жабылған. Бұл туралы «Қазавтожол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауа райының нашарлауы себепті бүгін Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы Жібек Жолы-Теміртау тас жолында автокөлік қозғалысы тоқтатылған.

Шығыс Қазақстанда Семей-Қалбатау, Семей-Қайнар, Герасимовка-Семей, Белоусовка-Риддер және Глубокоев ауылынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта жол жабылған.

Қатты жел мен көктайғаққа байланысты Семей мен Қостанайда мектептерде сабақ тоқтатылғаны туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметі мен білім беру басқармалары хабарлады.

Azattyq