ІІМ курсантынан жеңілуден бас тартқан 14 жасар дзюдошыны өлгенше ұрған

0
4095

Түркменстанда 14 жастағы дзюдошы Сүлеймен Тұрсынбаевты ІІМ курсантына қарсы жекпе-жекте жеңілуден бас тартқан соң өлгенше ұрып тастаған, деп хабарлайды Turkmen.news.

Дзюдошы Бахарденде өзінің салмағы бойынша күресіп, бірінші орын алған соң соққыға жығылды. Финал алдында одан ІІМ курсантынан жеңілуді талап еткені белгілі болды. Алайда ол бас тартқан.

Шарадан кейін оның жаттықтырушысын соққыға жығып, өзін белгісіз бағытта алып кеткен.

Осы жағдайдан кейін араға бірнеше күн салып Сүлеймен Тұрсынбаев ауруханаға түседі, ақыры 5 ақпан күні оны жерлейді. Ата-анасы спортшы соққыға жығылған соң, бүкіл денесі ауырып, бас сүйегі сынып, бауырының езіліп кеткенін айтты.

Turkmen.news мәліметінше, ІІМ мен бас прокуратура 14 жастағы Сүлеймен Тұрсынбаевтың өліміне қатысты тергеуді әлі бастамаған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету