Баталов басқаратын облыста жетімдер үйі қызметкерлері он миллион жымқырған

0
512

Алматы облысына қарасты №1 балалар үйінің басшылары жетімдердің ақысын талан-таражға салған. Бұл туралы «Хабар 24» арансы айтты.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, мемлекеттік мекеме басшылары балаларға арналған қаражатты жеке пайдасына жаратып келіпті. Аталған факті бойынша өткен жылы ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы, яғни тапсырылған мүлікті жымқыру бойынша іс қозғалып, тағы бір қылмыстық іс қосылған. Әзірге жетімдердің жем болған ақысының көлемі белгісіз.

Жақсылық Мырзахан, экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

– Ең бірінші жымқыру дерегі бойынша 2020 жылы басталған дерек болатын күз айларында. Кейіннен тергеу амалдарын жүргізу барысында, яғни бұл балалар үйінің қызметкерлерінің дұрыс жұмыс істемегендігі анықталу себебінен ҚР ҚК 371-бабы яғни, немқұрайлық бабымен осы балалар үйінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.