ІІМ: 12 күннің ішінде 18 адам өрттен көз жұмды

0

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елдегі өрт салдарынан қаза тапқандар жайына тоқталды.

«Елімізде жалпы өрт жағдайы күрделі жағдайда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Соңғы жылдары елімізде жыл сайын 15 мыңнан астам өрт тіркелді. Былтыр өрттен 846 адам зардап шексе, оның ішінде  434 адам қайтыс болды. Тікелей өрттен келген шығын 3 млн теңгеден асты», — деді Қасымов.

«Өткен жылы Атырау облысында өрт салдарынан көз жұмғандар саны екі есе өссе, Алматы қаласы, ШҚО, Павлодар облыстарында 25%, Жамбыл облысында 8% артқан. Айта кету керек, өрттің 60% тұрғын үй секторына тиесілі болса, соның ішінде, 40% халықтың отты пайдаланудың қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алған. Сондай-ақ, 20% — пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан, 16% — электр жабдығының кесірінен болған», — деді ведомство басшысы.

Қасымов өрттің алдын алу мақсатында өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өрт қауіпсіздігіне арналған айлықтар өткізілгенін мәлімдеді. Оның нәтижесінде өрттің шығуы 2%, адамдардың өрт салдарынан көз жұмуы 27% төмендеген.

«Алайда, ақпан айының бірінші тоқсанында өрт салдарынан 18 адам соның ішінде, 5 бала қазап тапты және 6 адам улы газ салдарынан көз жұмған. Осы орайда, біз тұрғын үйлердегі өртті болдырмауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жұмыстарды үйлестіру үшін барлық өңірлерде штабтар құрылып, проблемалы аудандар мен көшелерге талдау жүргізілді», — деді министр.

Бақ кз.